Павлодар облысында боранды күні мал іздеуге шыққан әйелдің денесі табылды

Павлодар облысында боранды күні мал іздеуге шыққан әйелдің денесі табылды

Павлодар облысының 34 жасар тұрғыны 16 сәуір күні кешкісін жолдасымен бірге жоғалған малын іздеуге шыққан шыққан еді. Өкінішке қарай, содан қайтып оралмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Ол жексенбі күні сағат 18.00 шамасында Бесқауға ауылынан шамамен 25 шақырым жерде, Жаңажол ауылы маңында жолдасымен бірге мал іздеуге барған. Екеуі көлікті сол жерде тастап, тура бір сағаттан соң, яғни 19.00-де сол жерде қайта кездесуге уағдаласқан еді. Айтылған уақытта келіншегі келмеген соң жолдасы полицияға хабар берді. 

Іздестіру жұмыстарына полиция департаменті мен Екібастұз қаласы полиция басқармасының жеке құрамы, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және жергілікті тұрғындар кірісті. Еріктілер жасағы да қосылды. Барлығы 100-ден астам адам жұмылдырылды. Мамандар тікұшақ арқылы да 30 шақырым радиусты шолып шықты. Жалпы, үш күн аралығында іздеу жұмыстарының радиусы шамамен 5 мың шаршы шақырымды құрады. 

Еріктілердің сөзінше, боран басталмай тұрып әйел адамды жергілікті екі тұрғын көріп, үйге апаруды ұсынған. Бірақ ол жолдасының көлік жанында күтіп тұрғанын алға тартып, ұсыныстан бас тартыпты. 

Ал бүгін «VITA» еріктілер жасағы мал іздеуге шыққан келіншектің денесі табылғанын хабарлады. Марқұмның артында 10 және 3 жасар екі қызы қалды. Жергілікті полиция департаменті әзірше ресми түсініктеме берген жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста