Павлодарда үй ауласында жас қызға шабуыл жасалған сәт видеоға түсіп қалды
Павлодардағы үй кіре берістерінің бірінде жас қызға шабуыл жасалған. Бұл сәт видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қызға шабуыл жасалған сәт бақылау камерасына түсіп қалған. Instagram желісінде тарап кеткен видеода қыз үйге кіріп, артынан басына капюшонын киіп алған ер азамат кірген. Белгісіз адам қызға шабуыл жасап, мойнынан қысқан сәтте зардап шегуші қашып құтылуға тырысқан. Бірнеше секундтан кейін ер адам қолына қоржын асынып, қашып кеткен.
Кейіннен оқиғаның Назарбаев даңғылындағы үйлердің бірінде болғаны анықталған. Зардап шегуші жазбада полицияға шағымданғанын айтқан. Бірақ полиция өкілдері оның арызын қабылдамаған екен. Зардап шеккен қыз құрбыларымен бірге бақылау камерасына түсіп қалған видеоны тауып алып, ер адамды таныған адамдарға іздеу салған. Полиция өкілдері шағым түскеннен кейін бірден автоматты түрде тіркелгенін айтады.