Павлодарлық ұстаз орыс балаларына қазақ тілін үйретудің қызықты әдісімен бөлісті

Павлодарлық ұстаз орыс балаларына қазақ тілін үйретудің қызықты әдісімен бөлісті

Нұрлан Абдула Павлодардағы №34 иновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебінде жұмыс істейді. Орыс сыныптарына қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінен сабақ береді. Жас маман сабағының нәтижелі болуы үшін қызықты әдістерді жиі қолданады. Оның сабақ беру тәсілі оқушылар мен қатар олардың ата-аналарын да ұнайды екен.

 
Azattyq Ryhy тілшісіне сұхбат берген педагог сабақ беру әдісі, орыс сыныптарының қазақ тілі мен дәстүріне деген қызығушылығы және заманауи білім беру жолдары туралы айтып берді.

Оңтүстік Қазақстан облысының (қазіргі Түркістан облысы – авт.) тумасы Павлодар қаласына оқуға түсіп, кәсібін сол қалада жалғастырған.

«Мектеп бітіргеннен кейін Павлодар қаласына оқуға түстім. 2019 жылы оқуды аяқтап, қаладағы №34 иновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебіне жұмысқа тұрдым. Былтырғы оқу жылының соңында кішігірім эксперимент жасадым. Өзім сабақ беретін төртінші сынып оқушыларына тақырыпқа байланысты қазақтың атақты тұлғаларын таныстыру үшін сабаққа қазақ зиялыларының кейіпінде киініп келдім. Басқа сыныптармен салыстырғанда осындай әдіспен сабақ өткізген сыныптардың сабақ үлгерімі жоғары екені тоқсан соңында белгілі болды. Атақты тұлғалардың образын көзбен көріп, танысқаннан кейін есте сақтауы да тез болды. Сабақты бір-екі рет осындай форматта өткізіп жүрдім. Кейін оқушылардың өзі де күтіп отыратын болды. Сондықтан тақырыпқа байланысты әр сабаққа әр түрлі дайындалып келемін.

Ең алғаш ұлы ақын Абай Құнанбайұлының бейнесімен бастадым. Сол кісі секілді киініп, өлеңдерін оқыттым. Одан кейін Бауыржан Момышұлы, Әбілхан Қастеев, Құрманғазы сияқты тұлғаларды қосып жалғастырдым», - дейді ұстаз.

Маман тек кітап оқығаннан көрі көзбен көріп, сезінген балаға басқа әсер беретінін айтады. Ол орыс сыныптарына сабақ беру барасында болатын қиындықтарға да тоқталады.

«Қазақ сыныптарымен салыстырғанда орыс сыныптарына сабақ жүргізу қиындау. Кейбір қазақ балаларының өзі тілді білмей жатқанда орыстарға қазақ тілінің негізгі ережелерін түсіндіру қиынға соғады. Оқу үлгерімі сәйкесінше төмендеу болады. Оқушыларды тілге қызықтыру үшін түрлі бағытта жарыстар өткіземіз. Қазір қазақ тілінің керек екенін бұрынғыдай емес оқушылар да, олардың ата-аналары да жақсы біледі. Мемлекеттік тілге деген сұраныс жылдан-жылға артып жатқаннан кейін ата-аналар баланы үйден қадағалайды. Тілді үйренемін деген ынта болса істеген жұмыс міндетті түрде нәтиже береді.

Орыс сыныптарына сабақ беруде қиыны – оқушылардың қызығушылығын арттыру. Бала қызығу үшін ұстаз жүз пайыз сол сабаққа дайын болуы керек. Баланы қатты шаршатып алмай келесі сабағын күтетіндей етіп өткізу – кез-келген кәсіби ұстаздың міндеті деп ойлаймын. Қызығушылық және қажеттілік болса бәрі болады. Мысалы, қазіргі таңда ағылшын тіліне оқушылар көп қызығады. Себебі олар ағылшын тілінде көптеген жаңа мүмкіндіктер бар екенін біледі. Ата-аналар да ағылшынша үйренуді балаларының миына құйып отырады. Сол секілді қазақ тіліне деген қызығушылықты да арттыру керек», - дейді жас маман.

Нұрлан қазір қазақ тілінің мәртебесі өскенімен балалар арасында тіл білмеу мәселелері әлі де күрделі екенін айтады.  

«Тіл мәселесі бұрынғымен салыстырғанда біршама жақсарып қалды. Қазақ тілін білуге келгенде шорт кесетіндер бар. Өзім оңтүстік жақтың тумасы болғандықтан ана тілімді жақсы білемін. «Қалған тілдерді қоя тұрып, қазақ тілін үйрену керек, басқа тілдерді алып тастау керек» деген халық арасында түрлі пікір айтылады. Менің ойымша, бұл теріс түсінік. Бірден шорт кесу арқылы біз қазақ тілінің мәртебесін көтере алмаймыз. Жыл сайын тілдің мәртебесін арттыру үшін түрлі шаралар ұйымдастырылады. Оның нәтижесі ақырындап өз жемісін беріп келеді. Қазір елімізде жиындардың 80 пайызы қазақ тілінде өтеді. Көшеге шықсаңыз қазақша шүйіркелесіп тұратын жастардың саны көбейді.

Сол секілді проблема да бар, мәселен қазір балалардың тілі орысша шығады. Бұған орыс тіліндегі мультфильмдер және ата-аналардың орысша сөйлеуі себеп болып отыр. Бұл жерде де көп нәрсе ата-анаға байланысты. Үлкендер үйде қай тілде сөйлейді, тиісінше баланың да тілі солай шығады. Мысалы, қазақ тілін түсініп, еркін сөйлейтін өзге ұлт өкілдерінің балаларын жақсы білемін. Демек, олар үйінде қазақ тілінде сөйлейді. Сондықтан үйдегі қадағалау дұрыс болуы керек», - дейді ұстаз.

Білім беру жүйесі жаңа технологияға ілесуі керек

Жас маман білім беру жүйесін заман талабына оңтайландырудың басты артықшылығы мен маңыздылығы туралы айтты.

«Қазір жас мамандарға үлкен жеңілдіктер жасалған. Жалақы мәселесі бойынша ұстаздарда ешқандай қиындық жоқ деп ойлаймын. Жалақысы көтерілгеннен кейін ұстаздардың көңілі де тоқ. Себебі, олар да өз отбасын асырап отыр. Бұрынғыдай қосымша жұмысты қойып, бар көңілін сабағының дұрыс болуына аударады. Жалақының өсуі ұстаздар қауымына үлкен көмек болды. Қазір ЖОО-ның бітіріп келген жас мамандар жұмысқа кірген сәттің өзінде 200 мың теңгеге жуық айлық жалақы алады. Кейін дәрежесі өскеннен кейін бұл цифра одан әрі өседі. Оның үстіне, қазір мұғалімдерде мұрын қанап істейтін жұмыс жоқ. Олардың дәрежесі өсті.
Бүгінде білім беру жүйесі толыққанды өзгеріп жатыр. Шыны керек, қазір оқушыларға кітап ақтарып отыру қызық емес. Сондықтан білім алатын ақпарат көздерін заманауи технологияға сай алмастыра білу керек. Кей кездері біз балалардың телефондарын жинап аламыз, сабақ үстінде ұстауға тыйым саламыз. Телефон ұстауға көп шектеу қоюға тағы болмайды. Телефонның тек ойын құралы емес екенін түсіндіріп, оны білім алу жолына қолдануға үйрету керек. Жалпы, заман дамыған сайын технология сәйкесінше дамып келеді. Білім беру жүйесі жаңа технологияға ілесе отыруы керек. Мысалы, балалардан телефон мен кітаптың басымдығы жайында сұрайтын болсаңыз олар телефонның қаншалықты ыңғайлы, тез ақпарат алудың негізгі жолы екенін дәлелдеп береді. Сондықтан, баланың білім алуына өзіне ыңғайлы жүйені қолданған дұрыс деп ойлаймын», - дейді Нұрлан Абдула.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста