Петропавл мектебіндегі шабуыл: зардап шеккен оқушы тың мәлімет айтты

Петропавл мектебіндегі шабуыл: зардап шеккен оқушы тың мәлімет айтты

Петропавлда мектеп оқушысының балта мен пышақпен жасаған шабуылының мән-жайы белгілі болды. №4 мектептің оқушысы шабуылдан қалай аман қалғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

"Мен дәретханаға барайын деп есікті ашқанымда 9-сыныпта оқитын оқушы балтамен ұра бастады. Ол мектеп формасын және бетперде киген. Қолында балтамен пышақ болды. Ол менімен қатар 9-сыныптағы бала мен 10-шы сыныптың қызына шабуыл жасады", - деді Владислав Горбаченко.

Зардап шеккен мектеп оқушысының айтуынша, жасөспірім үнсіз шабуыл жасаған. Барлығы санаулы минуттарда болған.

Зардап шегушінің анасы Вера Горбаченко баласының басынан, мойнынан және кеудесінен соққы алғанын айтады.

Әйел жасөспірімнің мектепке балтамен еркін барғанына ашулы.

"Ол мектепке сөмкесіне балта салып алып барған. Мектепке кірер кезде оқушылардың сөмкелері тінтілмейді. Балалардың сөмкесін тінтуге ешкімнің құқығы жоқ, мұны өздеріңіз жақсы түсінесіздер", - деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков.

Петропавл қаласының прокуроры Арман Нұртазин аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 1.14-тармағы "Адам өлтіруге оқталу" бойынша соталды тергеу басталғанын айтты. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала ұсталып, онымен полиция жұмыс істеп жатыр.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста