Петропавл мектебіндегі төтенше жағдай: екі бала жансақтау бөлімінде жатыр

Петропавл мектебіндегі төтенше жағдай: екі бала жансақтау бөлімінде жатыр

Петропавлда мектепке балта ұстай барған 9 сынып оқушысы 3 баланы жаралап тасады. Оның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайлары тұрақты. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, жедел тергеу шаралары жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

 
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ

Оқиға облыс ортылағындағы 4-ші мектепте болды. Арнайы қызмет мамандары таңнан қылмыс орнына ағылды. Жарақат алған балалардың екеуі ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы тұрақты екені айтылды. Алайда дәрігерлер болжам жасауға асыққан жоқ. Ал біреуіне алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген. 

«Бүгін таңғы сағат 8:26-да Көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдеммен көлігімен 3 бала жеткізілді. Олар түрлі пышақ және балта жарақатын алғанын айтты. Зардап шеккендердің біріне қабылдау бөлмесінде медициналық көмек көрсетілді. Амбулаториялық ем тағайындалып, үйіне жіберілді. Зардап шеккендердің екеуіне шұғыл госпитализация қажет болды. Пациенттер жедел түрде операция бөлмесіне алынды, жараларды хирургиялық емдеу анестезиямен жүргізілді, бірқатар қажетті диагностикалық шаралар, бейінді мамандардың консультациялары өткізілді. Қазіргі уақытта екі баланың жағдайы тұрақтанды, науқастар реанимация бөлімінде», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісов.

БАЛАНЫҢ БОЙЫНДА ПСИХИКАЛЫҚ АУЫТҚУШЫЛЫҚ БАР

Баланың психикалық ауытқуы бар екені белгілі болды. Ол оқу жылының басында ауырып, сабаққа қараша айының соңынан ғана келе бастаған. Респбликалық орталықтарда ем қабылдаған. Мұғалімдердің айтуынша, соңғы кездері баланың мінез-құлқы ешқандай күдік тудырмаған.

«Мектепке пышақ алып келген бала көптен бері осы мектепте оқып жүр. Дәретханадан шыққан бетте бір ұлды жаралаған. Айғай-шуды есіп, бәріміз екінші қабатқа жүгіріп бардық. Қабырғаға сүйеніп тұр екен. Сыныптасы жүгіріп келіп, оны ұстап алған. Жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқып жүр. Мектепте турникет, металл іздегіш құралдар жоқ. Тек камерамен жабдықталған. Біз олардың сөмкесін ақтаруға құқығымыз жоқ. Онымен мектеп психологы жұмыс істеп жүрді. Толық емес отбасы. Бала анасымен ғана тұрады», - дейді Петропавл қалалық 4-ші мектеп директорының орынбасары Алма Қасымова.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің талап еткеніне қарамастан, мектеп директоры Ғафура Бөстекова келген жоқ. Ол 4-ші мектепті 1998 жылдан бері, яғни ширек ғасыр бойы басқарып келе жатқанын айта кеткен жөн. 

МЕКТЕПТЕРДЕ КҮЗЕТШІ МҮЛДЕ ЖОҚ

№4 орта мектепте күзетші жоқ. Ешқандай қауіпсіздік шаралары қарастырылмаған. Бала суық қарумен ішке емін-еркін кірген. Жалпы өңірде орта білім беретін нысандардың ешқайсысында арнайы күзет қызметі жұмыс істемейді. Жарақат алған 3 баланың бірі - Владислав Горбаченко. Оның жағдайы басқаларына қарағанда жақсы.

«Дәретханаға кірмек болып, есікті ашқанда ол алдымнан атып шықты. Балтамен ұрғылай бастады. Басым мен мойнымды жаралады. Мектеп формасы мен бетперде киіп алған. Қолында пышақ та бар. Одан кейін 9 Сыныпта оқитын ер бала мен 10 сыныпта оқитын қыз балаға шабуыл жасады», - дейді Владислав.
«Жарақат салдарынан басы айналып, жүрегі айныған соң, ауруханаға әкелдік. Тахикардия пайда болды. Баламның басынан және мойнынан ұрған. Дәрігерлер бәрін мұқият тексеріп, үйде емделуге болатынын айтты. Қаруы бар адам мектепке қалай кіреді? Бәрін тексеру керек деп ойлаймын. Психикалық ауытқуы бар балалар үйде отыруы керек. Олар басқаларға қауіп төндіреді. Неге бұл мәселені ешкім қадағаламайды», - дейді жапа шеккен баланың анасы Вера Горбачева.

Бүгін аталған мектепте сабақ тоқталылып, балалар үйлеріне жіберілді. Оқиға болған 2-ші қабатқа көтерілуге тыйым салынған. Дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында бұл дерекке қатысты тиісті шаралардың барлығы жүргізілетінін хабарлады. «Адамды өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Алайда, шабуыл жасаған бала, мамандардың психиатриялық есебінде тұрған. 

«Кәмелетке толмаған баламен полиция органдары жұмыс істеп жатыр. Ол адам өлтіруге оқталған. Бабы ауыр. Бәрі сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады.», - деді Петропавл қаласының прокуроры Арман Нұртазин. 
Оқу-ағарту министрлігі Петропавлдағы төтенше жағдайдан кейін Қазақстан мектептеріндегі қауіпсіздік тексерілетінін хабарлады. Министр Ғани Бейсембаев осы оқиға бойынша арнайы комиссия құруды тапсырды. Оған Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің, Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының өкілдері мүшелік етеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста