Петропавл мектептерінде ыстық тамақ бағасы қымбаттайды

Петропавл мектептерінде ыстық тамақ бағасы қымбаттайды

Бір жыл ішінде Петропавл мектептеріндегі ыстық тамақ ақысы 2 рет қымбаттады. Келер дүйсенбіден бастап кәсіпкерлер бағаны 500 ден 550 теңгеге тағы көтермек.  Бизнес өкілдері қазіргі инфляция қарқыны пайда табудың орнына шығынға батырып отырғанын айтып отыр. Ай сайын құбылатын баға кейбір ата-аналардың наразылығын туғызды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

 
БАҒАНЫҢ КӨТЕРІЛГЕНІНЕ АТА-АНАЛАРДЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІ ҚАРСЫ

Петропавл мектептерінде 28 мыңға жуық оқушы бар. 2300-і түрлі әлеуметтік топтарға жатады. Сондықтан әкімдік есебінен тамақтанады. Оларға арналған баға өзгеріссіз қалмақ. Ал басқа балалар күніне 550 теңге төлейтін болады.

Гүлбаршын Қожамжарованың екі баласы бар. Екеуі де бастауыш сыныпта оқиды. Ол мектептегі ыстық тамақ бағасының көтерілетіне үзілді-кесілді қарсы.

«Балалар мектепте түрлі ботқалар жейді. Оны өзіміз де сатып алып, пісіріп жүрміз. Бағасы аса қымбаттаған жоқ. Сондықтан кәсіпкерлердің айтып отырғанымен келіспеймін. Солтүстік Қазақстан облысында онсыз да жалақы аз. Оның үстіне мектептегі тамақтың бағасы қымбаттамақ. Көпбалалы отбасыларға тіпті қиын. Өзім екі балаға күніне 1100 теңге беру керекпін. Бұл көп отбасылар үшін кәдімгідей салмақты шығын», - дейді ол.
Ата-аналардың көпшілігі бұл жаңалықты наразылықпен қабылдады. Олардың пікірімен де санасқан ешкім жоқ.

«Қазіргі 500 теңгенің өзі қымбат. Бір үйден екі бала оқыса, күніне 1000 теңге жұмсайды. Жүріп-тұруы тағы бар. Өзімізде күніне 3 мың теңгеге дейін кетіп қалады. Алатын жалақы – 150 мың теңге. Сонда тапқанның барлығы ішіп-жеуден де қалмайды. Керісінше, әкімдік бұл бағаны арзандатудың амалын қарастыру керек», - дейді қала тұрғыны Нұрлан Симамбаев.
КӘСІПКЕРЛЕР АЛҒАН БЕТІНЕН ТАЙМАҚ ЕМЕС

Кәсіпкерлер қала мектептерінде жиын өткізіп, бағаның қымбаттайтыны жайында көпшілікті ақпраттандырған. Олар алған бетінен таймақ емес.

«Балаларды осы уақытқа дейін 500 теңгеге тамақтандырып келдік. Әрі қарай  бағаны сақтап тұруға мүмкіндік жоқ. Өйткені түсетін пайда шамалы. Инфляция деңгейі көтеріліп, азық-түліктің күнде қымбаттап жатқанын барлығы да біледі. Жұмысшыларға жалақы төлеу керек. Коммуналдық қызметтердің де ақысы көтеріліп жатыр», - дейді жеке кәсіпкер Әнел Тілемесова.
Дегенмен ата-аналардың пікірі қақ жарылды. Бағаның көтерілетініне қарсылық танытпағандар да бар.

«Қазір базарға, дүкенге барсаң, барлық өнімдердің бағасы өзгеріп жатқанын көресің. Сондықтан мектептегі ыстық тамақтың көтерілгенін де дұрыс қабылдау керек деп ойлаймын. Әсіресе, көпбалалы аналар қарсылық танытып жатыр. Осы бағаға сай сапа да жақсы болады деп үміттенемін. Әр бала жақсы тамақтануы керек. Ол үшін жақсы шикізат керек. Басқа айтарым жоқ», - дейді қала тұрғыны Айсұлу Төребаева.
Қала мектептерінде 20-ға жуық кәсіпкер қызмет көрсетеді. 2011-ші жылы білім беру ұйымдарының асханаларында жұмыс істейтін бизнес өкілдерінің бастамасымен «Ботақан» ұйымы құрылған болатын. Оның мүшелері жиналыс жасап, мәселені талқылағандарын да жасырмады. Осылайша бағаны барлығы бірдей көтеруге ымыраласқан сыңайлы. 

«Инфляция деңгейі 7-12 пайызға жетті. Сондықтан ыстық тамақ бағасын өзгерту керек. Алдыңғы жылы логдаун болды. Біз шығынға баттық. Жаңа оқу жылының басында 500 теңгемен жұмысты бастадық. Азық-түлік 20 пайыздан артық көрсеткішке қымбаттады. Оны ешкім ескеріп жатқан жоқ. Қазақстан бойынша 7 өңірде ғана бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады. Біздің облыста ондай жаңашылдық жоқ. Біз осы бағаны сақтап қалсақ, өзіміз шығынға батамыз. Әрі сапалы қызмет көрсету керек. Балаларға пайдалану мерзімі өткен, арзан өнімді алуға болмайды. Мен өз жұмысыма жауап беремін. Біз – қызмет көрсету саласында жұмыс істейміз. Бағаны өзіміз тағайындауға құқылымыз. Оған білім басқармасының да, білім бөлімінің де рұқсаты керек емес. Заң жүзінде солай. Балабақшаларда да ақы қымбаттап жатыр. Ол ресми түрде жарияланды», - дейді «Ботақан» қоғамдық ұйымының төрағасы Ольга Усольцева.
БІЛІМ БӨЛІМІ СҰХБАТ БЕРУДЕН БАС ТАРТТЫ

Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл да уақытша баға. Ақы келер оқу жылының басында тағы да көтеріліп, 600 теңгеге жетпек. Ал қалалық білім бөлімі бұл мәселеден бейхабар болып шықты. Басшылығы сұхбат беруден бас тартты.

«Мамандар жасаған есеп бойынша бір бала 614 теңгеге тамақтану керек. Ол ыстық тамақтың өзіндік құны. Жұмысшыларға жалақы да көтере алмай отырмыз. Онсыз да білікті аспаздар тапшы. Жыл жазда жұмыс істемейміз. Кадрларды сол кезде жоғалтып аламыз. Ондай болмас үшін, мен адамға тиімді еңбек шартын ұсынуым керек. Ыдыс-аяқ құны, қондырғыны жөндеу шығыны, арнайы киім, тағы басқа шығындар толып жатыр», - дейді Ольга Усольцева.
Республика бойынша мектептегі ең арзан ыстық тамақ – Батыс Қазақстан облысында тіркелген –  380 теңге. Ал ең жоғары баға, яғни 750 теңге Ақмола облысында бекітілген.  

Бүгін оқу-ағарту министрлігінің алқа отырысында осы мәселе көтерілді. Бастауыш сынып оқушыларын күніне бір рет ыстық тамақпен қамтамасыз ету қарастырылуда. Бұл мақсатқа жыл сайын қосымша 150 млрд теңге қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста