Петропавлда пара алған мекеме директорының міндетін атқарушы 6 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді

Петропавлда пара алған мекеме директорының міндетін атқарушы 6 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді

Пара алып ұсталған «Еңбек-Қызылжар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының міндетін атқарушыға қатысты үкім шығарылды. Бұл туралы Петропавл қалалық соты мәлім етті,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Петропавл қалалық сотының мәліметінше, «Еңбек-Қызылжар» ШЖҚ РМК директорының міндетін атқарушы А. мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола тұра, Солтүстік Қазақстан облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің түзеу мекемелеріне тамақ өнімдерін жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша көрсетілетін қызмет үшін бюджет қаражатын кедергісіз аударамын деп М. есімді жеке кәсіпкерден 200 мың теңге пара алған.

Қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жедел аяқталғанына байланысты сот талқылауы қысқартылған тәртіппен өткізілді.

Прокурор сотталушы А.-ны мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушы кінәсін мойындап, айыппұл тағайындауды сұрады.

Жалпы, пара алғаны үшін айыппұл немесе бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген.

Сот А.-ның кінәсін толық мойындауын, шын ниетпен өкiнуін, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға белсенді түрде ықпал етуін есепке алып, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жай ретінде қарады.

Жазаны ауырлататын мән-жай анықталған жоқ.

Сот А.-ны мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған алған парасының отыз еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады, яғни сотталушы енді 6 млн теңге айыппұл төлемек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста