Playboy жұлдызы Қазақстандағы өмірі жайлы айтты (фото)

Playboy жұлдызы Қазақстандағы өмірі жайлы айтты (фото)

"Шахтер" ойыншысы Пламен Димовтың сүйіктісі, болгар моделі Благовеста Цакова Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қызылорда мен Қарағанды қалаларында тұрып жатқанын айтты.
"Шахтер" ойыншысы Пламен Димовтың сүйіктісі, болгар моделі Благовеста Цакова Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қызылорда мен Қарағанды қалаларында тұрып жатыр. Олардың кездесіп жүргеніне екі жыл болыпты. Димов қызылордалық "Қайсар" командасына 2014 жылдың қысына ауысқан, бұдан кейін ол "Шахтер" клубына ауысады. Клуб құрамында ол 8 матч өткізіп, бір гол соғыпты.

Благовестаның лақап аты Бонбонова, болгар тілінде бұл сөз "бонбон" - кәмпит деген мағына береді. Ол 2010 жылы Playboy конкурсына қатысып, үздік үштікке кірген кезінде танымал болыпты. Болгар басылымымен қатар, оны неміс журналында және MAXIM басылымдарынан көруге болады. Бойжеткен 2010 жылы "Конан Варвар" фильміне түскен, ол картинада бас кейіпкердің сүйіктісінің ролінде ойнайды. Бюджеті 90 миллион доллар болатын фильм прокаттан 50 миллион табыс түсірген.



Ал қыз өзін танымал адам ретінде есептемейді. "Әрине, өзім жайлы мақалаларды оқыдым, бірақ өзім жайлы сол журналдардан ғана көріппін", - дейді ол. "Келбетіңіз сұлу болса әдемі қыз болу қиын емес, бірақ сұлулық жаныңда да болу керек", - дейді ару.

 


Бонбонова бимен айналысады. "Осыған дейін кәсіби балетпен және хореографиямен айналысып келдім. Бірнеше жыл бұрын Лондондағы атақты Dstrkt клубында өнер көрсеттім", - дейді модель. Ол Пламенмен ортақ достары арқылы танысыпты. "Бастапқы кезде біз жай ғана дос едік, кейін ғана романтикалық қарым-қатынас пайда болды. Пламен - ерекше адам. Ол - керемет дос және тамаша жігіт. Мен үшін ол жақсы дос, менің әлемім", - дейді Бонбонова.


Бойжеткен Қазақстандағы өмірі жайлы да айтып берді. "Мұнда бар назарым Пламенде. Көп уақытымды тамақ жасауға жұмсаймын - мен әрдайым Пламен сүйіп жейтін тамақтарды жасауға тырысамын. Бірге фильм көреміз, блогар телевизиясындағы бағдарламалар, ойнаймыз, серуендейміз, қалаға шығамыз - мейрамханаларға жиі барамыз. Пламен жаттығуға кеткенде мен де спортпен айналысамын. Оның үстіне, біз команданың легоинерлерімен жиі кездесіп тұрамыз. Жалпы бос уақыт табылмайды. Қарағандыда ішім пыспады", - дейді болгар қызы.

kaz.tengrinews.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста