Поляк халқына көңіл айту кітабы ашылды

Поляк халқына көңіл айту кітабы ашылды

Қазақстандағы Польша Республикасының елшілігінде Смоленск түбіндегі әуе апатынан қаза болғандарға байланысты көңіл айту кітабы ашылды. Мұнда гүл мен майшам әкеліп, апат құрбандары рухына тағзым етушілерде есеп жоқ.

Сәуірдің 10-ы күні Польша саяси элитасының негізгі бөлігі бір мезгілде опат болды. Ел Президенті бастаған делегация Ресейдің Смоленск облысына Катынь оқиғасының 70 жылдығына байланысты сол кезде жазықсыз атылған 22 мыңға жуық поляк азаматының аруағына тәу етпекке келе жатқан. Варшавадан ұшқан Ту-154 қызметтік ұшағы «Смоленск» аэродромына қонар кезде апатқа ұшырады. Бұл уақытта көзге түртсе көргісіз көк тұман болып тұрған. Ұшақ әуелі Катынь орманы ағаштарының ұшар басына соғылып, кейін құлап түскен. Борттағы 96 адамның ешқайсысы тірі қалған жоқ. Оқиғаның себептері анықталу үстінде. Опат болғандардың арасынан алғаш болып Президент Лех Качиньскийдің денесі анықталып, ел астанасына жөнелтілді. Сәуірдің 12-сі Ресейде қаралы күн болып жарияланды. Ал поляк елінде аза тұту сәуірдің 17-сіне дейін жалғасады. Қайғылы оқиға бүкіл әлем жұртшылығының, қазақстандықтардың, Алматы мен Астанадағы поляк диаспорасы өкілдерінің де қабырғасын қайыстырды. Жұртшылықты дүр сілкіндірген жағдайды ести сала, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Польша Сеймы төрағасының атына күллі поляк халқына көңіл айту жеделхатын жолдады. Хатта «Польша Президенті Лех Качиньский мен оның жұбайының және олармен бірге болған тұлғалардың ұшақ апатында қазаға ұшырағаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабыл алдық. Осы бір ауыр сағатта Қазақстанның барша халқының атынан және жеке өз атымнан бауырлас Польша халқына шын жүректен азалы көңілімді білдіргім келеді. Сіздермен бірге аза тұтамыз» делінген. Тарихи тағдыр татуластырған поляк халқының қайғысына еліміздің Премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Мемлекеттік хатшы-сыртқы істер министрі әрі ЕҚЫҰ төрағасы Қанат Саудабаев және тағы басқа бір топ жоғары лауазымды шенеунік көңіл айтты. Кешелі бері Астанадағы елшілік пен Алматыдағы Бас консулдық ғимараты алдына келушілер толастамай жатыр. Арнайы ашылған көңіл айту кітабына еліміздің белгілі шенеуніктері мен саясаткерлерінен басқа, қарапайым жұртшылық та қолжазба қалдырып үлгерді. Польша елшілігі мамандарының айтуынша, көңіл айтуды ғаламтордағы amb@poland.kz мекенжайына да жіберуге болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста