Полицейлер 100-ден аса қылмысты жасырған

Полицейлер 100-ден аса қылмысты жасырған

Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері бірінші жартыжылдықта 105 әртүрлі қылмысты жасырған. ІІД облыстық штабының тіркеу-есепке алу тәртібін (ТЕТ) қадағалау барысына жасалған инспекция негізінде осындай мәліметтерді департамент баспасөз қызметі таратты.

Таратылған хабарда жасырылған жалпы қылмыстың 62-сін жергілікті прокурорлар анықтап, қалғанын ІІД-нің өзі анықтаған.

 Тіркеу-есепке алу тәртібін қадағалау инспекциясының бастығы Гүлшара Сейдахметова жағдайға түсініктеме бере отырып: «Жасырудың 27 оқиғасы — қылмыстық істің ашылмауынан, 19 оқиға  — қылмысты, не шағымды тіркемегеннен, 13 оқиға процессуалдық шараны дер кезінде қабылдамаудан орын алған», — деп атап көрсетті.

Талдамаға сай, ең көп тіркелмеген қылмыс түрлері басқаның мүлкін ұрлаған оқиғаларды заңды тәртіппен учаскелік полицейлер мен оперуәкілдердің тіркемеуіне байланысты болған. «Тергеушілерде мұндай оқиғалар сирек кездеседі», – дейді полиция департаментіндегілер.

Департамент өкілінің айтуынша, ІІД-нің өзі тексеріс жүргізу барысында анықталған 42 жасырылған қылмыстың 22-сі — қылмысты тікелей тіркемеуден және 4 оқиға қылмыстық іс ашудан бас тартудан болған.
ІІД-нің тіркеу-есепке алу тәртібін бұзғаны үшін 104 полицей, оның ішінде 10 бастық жазаға тартылған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста