Полицейлер апалы-сіңлілерді алдаған әйелді анықтады

Полицейлер апалы-сіңлілерді алдаған әйелді анықтады

Кентау қалалық полиция бөліміне апалы-сіңлілі екі жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдердің айтуынша, олардың танысы «Кәсіпкерлікті қолдау қорынан қайтарымсыз 1 225 000 теңге алып беремін» - деп, сеніміне кіріп, әрқайсысынан 130 000 теңгеден ақша алған. Алайда берген уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай 1 жыл бойы түрлі сылтау айтып, созбалыққа салып жүрген. Аталған жайтты кентаулық полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жан-жақты іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Нәтижесінде сезіктінің жүрген жері анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Анықталғандай, күдікті бұрын жәбірленушінің бірімен әріптес болған. Сондықтан алаяқ жібірленушінің сеніміне оңай кіріп, теріс пиғылын іске асырған. Ол таныстарынан алған ақшаны бас пайдасы үшін жаратып жібергені. Күдіктінің бұдан басқа қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Осы ретте Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға мұқият болуды және түрлі жәрдемақы алуда немесе жұмысқа орналасуда күмәнді қызметтер ұсынатын адамдарға сенбеуге кеңес береді. Барлық іс-әрекетті заңды түрде жасауды ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста