Полицейлер автокөліктерден қосалқы бөлшектер ұрлап жүрген күдіктілерді ұстады

Полицейлер автокөліктерден қосалқы бөлшектер ұрлап жүрген күдіктілерді ұстады

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын автокөлік бөлшектері ұрланғаны жөнінде арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер оның "ВАЗ" маркалы көлігінен магнитофон мен аккумуляторын ұрлап кеткен. Осыған ұқсас шағымдармен полицияға тағы бірнеше автокөлік иелері жүгінді.

Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы автоұрыларды анықтап, ұстау мақсатында қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полицейлер екі күдіктіні, Сауран ауданының тұрғындарын ұстады. Жас жігіттер қылмыстарын толығымен мойындады. Олардың бөтеннің мүлкін ұрлаудың 4 дерегіне қатысы бары анықталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Күдіктілер негізінен автокөлік бөлшектерін "ВАЗ" көліктерінен жымқырып отырған. Адамдардың жоқтығын пайдаланып, көліктердің антеннасы, аккумуляторы, динамиктері және басқа да құнды заттарын ұрлаған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі шамамен 170 мың теңгені құрады.

Осы деректер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста