Полицейлер «Қорғау-Қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы жалған нөмір тағып, 60-тан астам құқық бұзушылығы үшін айыппұл төлемей жүрген жүргізушіні анықтады

Полицейлер «Қорғау-Қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы жалған нөмір тағып, 60-тан астам құқық бұзушылығы үшін айыппұл төлемей жүрген жүргізушіні анықтады

Елімізде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды дер кезінде анықтау мақсатында «Қорғау-Қауіпті жүргізуші» жаңа бағдарламасы іске қосылды. Осы ретте Түркістан облысының полицейлері жаңа бағдарлама арқылы бірталай құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алуда.

Мәселен соңғы 10 тәулік ішінде Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығы мен Түркістан ҚПБ полицейлері бірлесе отырып, жол жүру ережесін бұзған 961 автокөлікті анықтады. Айыптұраққа 148 көлік қойылды. Ал «Қорғау - қауіпті жүргізуші» бағдарламасы аясында 180 автокөлік тоқтатылып, 109-ы айыптұраққа жеткізілді. 71 автокөлік жүргізушісіне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мәселен полицейдің планшетіне облыс орталығындағы Тәуке хан даңғылы мен Тынышқұлов көшесінің қиылысында кетіп бара жатқан «Toyota» маркалы көліктің жалған мемлекеттік нөмір таққаны және төленбей жүрген айыппұлдары бары жөнінде белгі берілді. Дабыл түсісімен полицейлер аталған көлікті тексеру мақсатында тоқтатып, құжаттарын қарады. Анықталғандай, жүргізуші көлігіне жалған мемлекеттік тіркеу нөмерін таққан. Сондай-ақ 62 құқық бұзушылықты жасап, 1 миллион 600 мың теңгеден астам айыппұл бойынша берешегі бар болып шықты. Аталған автокөлік айыптұраққа қойылып, жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігімен хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Полицейлер тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өздеріңізге белгілі жүргізушілер тәртібін арттыруда жолда жүру қағидаларын бұзуды анықтайтын осындай «Қорғау» секілді автоматты жүйелер маңызды рөл атқарады. Ішкі істер министрінің тапсырмасымен әзірленген «Қорғау-Қауіпті жүргізуші» бағдарламасында облыста орнатылған бейнебақылау камералары, Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталықтары мен мобильді қосымшаларының мүмкіндіктері біріктірілген. Ендігі кезекте Түркістан облысының полицейлері жұмысты одан ары жандандырып, жол қауіпсіздігі үшін үздіксіз қызмет ете бермек.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста