Полицейлер тұрғынның ұялы телефонын тартып алған күдіктіні анықтады

Полицейлер тұрғынның ұялы телефонын тартып алған күдіктіні анықтады

Түркістан қалалық полиция басқармасына жас жігіт арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, түнгі сағат 01:00 шамасында оған қалалық саябақтардың бірінде белгісіз біреу шабуыл жасаған.

Яғни, ұялы телефоны мен ақшасын күшпен тартып алған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 191-бабы "Тонау" бойынша тіркелді. Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгеден асты. Оқиға орнына бірден Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері келіп, куәлардан жауап алып, жақын маңдағы аумақтарды аралады. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, аз уақыт ішінде күдіктіні анықтады. Ол бұрын дәл осындай тонау қылмысы үшін сотталған жергілікті тұрғын болып шықты. Сезікті ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста