Полицейлер туысының банктік кәртішкесінен ақша жымқырған келіншекті анықтады
Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Егде жастағы ер адам өз арызында, банктік кәртішкесі жоғалып, оның ішінен 70 000 теңгесін белгісіз біреу жасырын шешіп алғанын көрсеткен.
Тексеру барысында қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған жәбірленушінің 30 жастағы келіні болып шықты. Ол банктік кәртішкенің құпия кодын білгендіктен, оны егесінен ұрлап алып, барлық қаражатты өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген.
Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу