Полицейлер жоғалған жасөспірім қызды туысының үйінен тапты

Полицейлер жоғалған жасөспірім қызды туысының үйінен тапты

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келді. Ер адамның айтуынша, оның таңертең мектепке кеткен 11-сынып оқитын қызы, сабаққа бармай, хабарсыз кеткен. Жасөспірімнің әкесі өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды.

Тәртіп сақшылары толық құрамда қызды іздеуге кірісті. Жоғалған жасөспірімді тез арада табу мақсатында көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде бірнеше сағат ішінде қыздың жүрген жері анықталды. Ол ауылдас туысының үйінен табылды. Қазіргі таңда жасөспірім қыз ата-анасына аман-есен табысталды.

Полиция қызметкерлерімен анықталғандай, жасөспірім қыз отбасы мүшелерінің сөзін көтере алмай, түсінбеушілікке жол берген.

Өз кезегінде қызының дін аман табылғанына қуанған әкесі полицейлерге алғысын білдірді. Жұмыстарына сәттілік тіледі.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста