Полицейлер жоғалып кеткен орта жастағы ер адамды тауып, отбасына қайтарды

Полицейлер жоғалып кеткен орта жастағы ер адамды тауып, отбасына қайтарды

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, інісі үйден белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған. Жақындары жоғалған азаматты іздеп таппаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Аталған жайт Келес АПБ-де бірден тіркеліп, адам жоғалу жайты бойынша қажетті шаралар жүргізілді. Тәртіп сақшылары ер адамның баруы мүмкін ауыл-аймақты түгел қарап, көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде полицейлер жоғалған ер адамды Шымкент қаласынан тапты.

Анықталғандай, денсаулығында ақауы бар ер азамат Шымкент қаласына барып, көшеде түнеген. Бүгінгі таңда ер азамат дін аман, отбасымен бірге. Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бауырының аман-есен табылғанына қуанған тұрғын ризашылығын білдірді. Ол: «Полиция қызметкерлері, қызметтеріңізге рақмет. Халыққа күндіз-түні қызмет етіп жүрген сіздерге алғысымыз шексіз. Жұмыстарың алға баса берсін, тек жақсы күндерде жолығайық» - деп атап өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста