Полиция автокөлігін күлкі қылғандардың видеосы таралып кетті

Полиция автокөлігін күлкі қылғандардың видеосы таралып кетті

Әлеуметтік желіде полицейлердің қызметтік автокөлігіне қатысты челлендж-видео тарады. Ролик құқық қорғаушылар машинасының соңында келе жатқан көліктің ішінде түсірілген. Оған полицияның дабылы қосылады.

Желіде тараған видеода екі локация бар: бірі &ndash түнгі уақытта қала ішінде, екіншісі көлік аз жүретін жолда түсірілген. Ол жерде полиция арнайы дабылды бірнеше рет қосады.


Құқық қорғаушылар бұл видеоны әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында анықтаған.

Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараған видеоға қатысты тексеру жүргізілді. Нәтижесінде видеоның өңделгені, дыбысты полицияның емес, видеоны түсіріп отырған адамның қосқаны анықталды.

"Тексеру нәтижесінде желі қолданушылары арасында челлендж секілді таралып жатқан видеодағы полиция дабылының дауысы өңдеу арқылы қойылғаны анықталды", - делінген ақпаратта.

Полиция дабылдың шынайы емес екенін айтты. Сондай-ақ, азаматтарды көрінеу жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста