Полиция қызметкері"Әшкерелейтін хабарлама жариялаймын": ІІМ желідегі ақпаратқа түсініктеме берді
Мәтін авторы ішкі істер вице-министрі болып тағайындалмаса, әшкерелейтін хабарламаны жариялаймын деп жазған. Мессенджерлерде полиция полковнигі Тұрлыбек Ахметовтің атынан жазылған хабарлама таратылуда. Мәтін авторы ішкі істер вице-министрі болып тағайындалмаса, әшкерелейтін хабарламаны жариялаймын деп жазған. Министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Хабарламада ішкі істер министрлігінің қазіргі қызметкерлері Тұрлыбек Ахметов пен Сергей Варгоның аты-жөні көрсетілген, бірақ олардың бұған еш қатысы жоқ, деп жазады Stopfake.kz.
"30 қарашада ішкі істер министрлігі қызметкерлері Ахметов пен Варго әлеуметтік желілерде олардың атын пайдаланып, шындыққа жанаспайтын, жала жапқан мәліметтерді жариялаған адамдарды анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өтініш жазды", - делінген ақпаратта.
Аталған факті бойынша ішкі істер министрлігі өзіндік қауіпсіздік департаменті қылмыстық кодекстің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. БАҚ-та көрінеу жалған ақпарат таратуға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар қабылданып жатқаны хабарланды.