Полиция қызметкерін өлтіргендер анықталды

Полиция қызметкерін өлтіргендер анықталды

Ақтөбеде такси жүргізушісін пышақтап, полиция қызметкерін атып өлтірген үш адам анықталды. Бірақ қолға түсіру амалдары барысында қарсылық білдіріп, оқ жаудырған үшеудің екеуі қаза тапты. Мамандар бұл оқиғаға қатысты жарылыс пен кепілдер жөніндегі тараған мәліметтерді жоққа шығарып отыр. Кісі өлтіргендер – 18, 21 және 23-тегі жас жігіттер.
Маусымның 21-і күні Ақтөбе қаласының Кирпич­ный кентінде белгісіз үш адам жеке тасымалдаумен айналысқан автокөлік жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған болатын. Естеріңізде болса, олар оқиға орнына келіп, қылмыскерлерді ұстамақ болған полиция қызметкерлеріне қарумен оқ атқан.
Нәтижесінде жол полициясының инспекторы Те­мірбек Жақсылықбаев қаза болды. «Кісі өлтіру фактісі бо­­йынша ішкі істер органдары Қазақстан Рес­пу­бли­ка­сы­ның Қылмыстық кодексінің 96-бабы бойынша қыл­мыс­тық іс қозғады. Жүргізілген жедел-тергеу іс-ша­ра­ларымен шабуыл жасағандар анықталды» деп ха­­барлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Олар – 1991 жылы туған Жолмырза Бекбауов, 1994 жы­­­лы туған Ғабит Құрманқұл және 1989 жылы туған Ер­­­назар Мырзағали. Маусымның 23-і күні аталған азаматтар Ақтөбе қаласындағы Краснощеков көшесі, №46 үй мекенжайында анықталған. «Берілу жөніндегі бір­­неше рет қайталанған ұсыныстарға көрсетілген ме­кенжайда қоршауға алынған Бекбауов, Құрманқұл жә­не Мырзағали қарсылық білдіріп, арнайы бөлімше қыз­меткерлеріне қарай қарулармен оқ ата бастады. Осы­ған байланысты қылмыскерлердің екеуінің көзі жойылып, біреуі жарақат алды» деп хабар­лай­­ды Бас прокуратура мамандары. Олардың ай­туын­ша, бейбіт тұрғындар арасында қаза болғандар мен жә­­бірленушілер жоқ, тек құқық қорғау органдарының бір қызметкері ғана жеңіл жарақат алған. Кісі өлі­міне қа­тысты қылмыстық іс қозғалды. «Қылмыстың бас­ты кү­діктілері – діни экстремистік ұйым­дар­дың жақ­тау­шы­лары» деген мәліметтер де бар. ,

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста