Полиция қызметкерін өлтіргендер ұсталды

Полиция қызметкерін өлтіргендер ұсталды

Өткен аптада Алматы облысы, Сарқанд ауданында болған қылмыстық оқиға кезінде полиция қызметкерлерінің бірі қаза тауып, тағы біреуі ауыр жараланған болатын. Кеше осы оқиғаға қатысы бар екі азамат құрықталды. Тергеу-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Алматы облыстық ішкі істер де­пар­таментінің тіл саясаты және ақпарат бө­лі­­мінің инспекторы Нұрым Ивуллаевтың сөзіне қарағанда, 1991 жылы туған Дәурен Рыс­­хан мен Жасұлан Исатайұлы ұрлық жа­­са­ған­­дары үшін бұдан бұрын да істі бол­ған кө­рінеді. Оның айтуынша, оқиға ма­мыр­дың 29-ы күні басталған. Сарқанд ау­дан­дық ішкі істер бөліміне орман шаруа­шы­лы­ғы басқармасының директоры қо­­ңы­­рау шалып, «Ауди-100» жеке ав­то­кө­­лі­­гі­­нің ұрланғанын хабарлайды. Ар­на­­йы жүр­гі­зіл­ген іздеу кезінде полиция инс­­пек­­то­ры Дәулет Мырзабаев жолда ке­тіп ба­ра жатқан көлікті көріп тоқтапты. Бау­­кес­­пе­лер жауап ретінде инспекторға аң­­шы мыл­ты­ғынан оқ жаудырған. Тәртіп сақ­шысы ауыр жараланғандықтан, ол күні қаш­қындарды ұстау мүмкін болмаған. Із­деу жарияланған қылмыскерлерді келесі кү­ні полиция бөлімінің кезекшісі Ермұқан Қа­сенов дүкендердің бірінде кездестіреді. Құ­қық қорғау қызметкерін бірден таныған кү­діктілер оған қарсы оқ атып үлгереді. Мойнынан жарақат алған Е.Қасенов оқиға ор­нын­да тіл тартпастан қайтыс болды. Ал оң иығынан жараланған полиция ин­с­пек­то­ры Д.Мырзабаев аудандық ем­ха­на­да жатыр.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста