Порно көрсеткен: Алматыда жеткіншіктерге тиіскен ер адам 10 жылға сотталды
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Mega сауда, ойын-сауық кешенінде 2012 жылы туған екі қызға порно көрсеткен ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сот үкімінде сотталушының балаларға зорлық-зомбылық жасамағаны, бірақ оларға екі рет телефонында порнографиялық мазмұндағы бейнероликтерді көрсеткені атап өтілді.
 
"Алдымен сауда орталығының фойесінде, содан кейін әйелдер дәретханасының бөлмесінде, онда жәбірленушілердің соңынан кірген. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген сот хабарламасында.
Сондай-ақ, қылмысккерге кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты кез-келген лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.
Айта кетейік, 10 жыл &ndash "кәмелетке толмаған балаға қатысты зорлық-зомбылық қолданбай азғындық әрекеттер жасау" бабы бойынша ең қатаң жаза.
Оқиға 2019 жылдың күзінде болған. Ол кезде СОО қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ер адамды ұстап алып, құқық қорғау органдарына берген.
Кейінірек Алматы полиция департаменті балаларға азғындық жасағаны үшін бұрын сотталған педофилдің ұсталғанын хабарлады.