Президент Беларусь пен Ресей одақтастығы туралы: Басқаны қойып, ядролық қаруы да екеуара

Президент Беларусь пен Ресей одақтастығы туралы: Басқаны қойып, ядролық қаруы да екеуара

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақтың өз ішінде интеграцияның қос моделі қалыптасқанын айтып, Қазақстан, Қырғызстан, Армения ұстанған бағытпен санасу керектігін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
«Тағы бір нәзік мәселе бар. Біз ескеруіміз керек концептуалды шындық немесе ерекшелік бар. Бұл Еруазиялық экономикалық одақ аясындағы Беларусь пен Ресей дейтін одақтасқан мемлекет. Бұл одақтың концептуалды және идеологиялық негізі айтарлықтай салмақты – беларусь пен орыс халқының ортақ тарихын өзара тану, мәдени, тілдік, діни сәйкестігін мойындауы. Яғни, бір ұлттың, бір мемлекеттің бар екенін мойындауы», - деді Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысында.
Президенттің айтуынша, Ресей мен Беларусьтің ЕАЭО аясындағы одақтастығы әлем тарихында болмаған тәжірибені туындатып отыр.

«Біздің ЕАЭО-да одақтасқан мемлекет бар. Яғни, әлемнің саяси тарихында бірегей мысал немесе феномен қалыптасып отыр – «Екі ел – бір мемлекет» формуласы бойынша саяси, заңдық, әскери, экономикалық, валюталық, мәдени, гуманитарлық, кеңістігі ортақ, одақтасқан ортақ үкіметі бар, ортақ одақтас парламенті бар мемлекет құрылып отыр. Кешірім өтінем, тіпті қазір екеуара бір ядролық қаруы бар. Бірақ интергацияның Қазақстан, Қырғызстан және Армения ұстанып отырған басқа деңгейі және бар. Бұл шындықпен есептесу керек. Мұндай жағдайда қалай жұмыс істейміз? Бұл концептуалды мәселе. Бізге осы экономикалық форумда аталған мәселені талқылау керек деп ойлаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста