«Президент Шығыс Қазақстанның Катон-Қарағай, Марқакөл, Тарбағатай халқының үнін ести білді» - Ерлан Сайыров
Еліміздің басшысының адамгершілік тұғырын сезіндім!
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының шекаралық аудандарына қатысты өзінің принципті позициясын жеткізе отырып, "Өкіметке шекаралық аймақтарды дамытудың кешенді бағдарламасын жасауды тапсырамын. Бұл мәселе мемлекеттен белгілі шығындарды талап етеді" деп атап өтті.
Мемлекет Басшысы Шығыс Қазақстанның Катон-Қарағай, Марқакөл, Тарбағатай халқының үнін ести білді!
Қасым-Жомарт Кемелұлы осы мәселені менің көтеріп жүргенімді атап өткені жүрегіме жылы сезілді.
"Бұл мәселені депутат Ерлан Саиров көтеріп жүр" деп атап өтті Президентіміз!
Қасым-Жомарт Тоқаев осылай біздің еліміз үшін жасап жатқан тіршілігімізге нық қолдау көрсетті!
Яғни, сол өңірдің халқының жағдайын өздігінен де біліп отыр деген сөз.
Шыны керек, өзіңнің істеріңе Мемлекет басшысы қолдау білдіріп жатқанда қобалжып, сонымен бірге рухың да көтеріліп қалады екен.
"Осы мәселені көтерме, ешкім көмектеспейді саған" деген де азаматтар болды, нақты қарсы шыққан жігіттер де болды. Жігерлі қолдаған адамдар да болды.
Өзімді жалғыз сезініп жүрдім, бүгін бойында адамгершілік қасиеті мол, қарапайым адамдардың мұң-мүддесін түсінетін адамның бар екендігін нақты сезіндім!
Рахмет Сізге, Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Катон-Қарағай, Марқакөл, Тарбағатай өңірінің халқы өзіңізге шын көңілімен рахметін айтып жатыр!
Осы өңір үшін күресіп өткен Абылай, Бөгенбай, Қабанбай, Дәулетбайдың рухы Өзіңізді, мемлекетімізді жебеп-қолдап жүрсін!
Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыровтың facebook парақшасынан