Пробация қызметкеріне 20 мың теңге пара ұсынған әйел ұсталды

Пробация қызметкеріне 20 мың теңге пара ұсынған әйел ұсталды

Жамбылда пробация қызметкеріне пара беру жайтының жолы кесілді, деп хабарлайды Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Сарысу ауданының тұрғынына қатысты көрінеу заңсыз әрекеттер жасағаны үшін лауазымды тұлғаға пара беру жайты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша 2 жылға бас бостандығынан айырылған А есімді азаматша Сарысу аудандық Пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Айбек Ниязымбетовке тәртіптік жауапкершілікке тартпауы және бас бостандығынан айыруға ауыстыру үшін материалдарды сотқа жібермеуін сұрап, пара ретінде 20 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат беруге ниет білдірген.
Пробация қызметкері аталған жайт бойынша Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне және аталған департаменттің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлаған. Нәтижесінде пробация қызметкерінің кабинетінде пара беруші ақшаны ұсынып жатқан кезінде ұсталды.
Пара беру үстінде ұсталған азаматша өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі таңда оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау және қылмыстық істі ҚІБ тәртібінде аяқтау туралы мәселе шешілуде. Жалпы, мұндай факт жыл басынан бері 3-ші рет тіркеліп отыр. Бұған дейін ЖД-158/1 және ЖД-158/2 мекемелерінің қызметкерлеріне пара ұсынғандар құрықталды. Айта кетейік, алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жұмыстар өз жалғасын табатын болады, - деді Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы, әділет полковнигі Бекболат Ескеев. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста