Прокуратура Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзартуды сұрады

Прокуратура Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзартуды сұрады

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін ұзарту мәселесі қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Біртановтың үйқамақ мерзімі бұған дейін 5 рет ұзартылған болатын.  Соңғы рет 21 сәуірде судья ол мерзімді 14 мамырға дейін ұзартып, үйінен таңғы сағат 8.00-ден кешкі 19.00-ге дейін шығуға рұқсат берген еді.

Бүгін, 5 мамырда сот Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін ұзарту мәселесін тағы қарады. Прокурор Төлеген Жарасбаев қылмыстық тергеу органының бұрынғы министрдің үйқамақ мерзімін 1 айға – 14 маусымға дейін ұзарту туралы өтінішін құптауды сұрады.

Онлайн режимде өткен сот отырысында прокурор сондай-ақ, Е. Біртановқа медициналық мекемелерден басқа нысандарға үйден шығуға рұқсат бермеуді сұрап, оның тергеушілер мен соттан қашып кетуі мүмкін екенін мәлімдеді. Т. Жарасбаевтың айтуынша, Біртанов пен оның жақын туыстарының шетелде жылжымайтын мүлкі бар. Сондай-ақ оның туыстарында шетелде тұруға рұқсаты бар.

«2021 жылдың 24 және 25 сәуірінде Елжан Біртанов сот қаулысында тыйым салынған отбасы мүшелері саналмайтын адамдармен кездескен. Сонымен қатар, адвокаттармен қарым-қатынас жасауға тыйым салу, хат-хабар жіберуге тыйым салу бойынша сот белгілеген шектеулерді бірнеше рет бұзған. Ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын санкция бойынша ауыр қылмыс жасады деп күдіктелуде», - деді прокурор.
Белгілі болғандай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде Денсаулық сақтау министрлігі 2015 жылы хорватиялық Ericsson Nikola Tesla фирмасымен «Денсаулық сақтау саласының ақпараттық жүйелерін ақпараттандыру және біріздендіру платформасы» атты автоматтандырылған ақпараттық жүйені 17,8 млн АҚШ долларына жеткізу туралы келісімшарт бекіткен. Ол жүйе 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарындағы 17 емдеу мекемесінде пилоттық пайдаланудан өткен соң республика бойынша енгізілуі тиіс еді. Алайда тергеу барысында ол жүйе жайында «Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланбаған және пандемия кезінде денсаулық сақтау органдарының жұмысына теріс әсер етті» деген қорытынды ұсынылған.

Айта кетсек, экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылы маусым айында қызметінен босатылып, артынша бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған болатын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста