Прокуратура Мәсімовтің LRT-ке қатысы туралы түсініктеме берді

Прокуратура Мәсімовтің LRT-ке қатысы туралы түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековтың ҚР ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің жанжал тудырған LRT ісін тергеуге кедергі келтіргені туралы ақпаратына түсініктеме берді.

BaigeNews.kz басылымының хабарлауынша, Сұлтанбеков қаңтар айында әлеуметтік желіде ҰҚК-нің бұрынғы басшысын жазықсыздарды заңсыз қудалады және жолдастарының қылмысын жасырды деп айыптаған.

«Енді сіз, Мәсімов, «Астана LRT» жобасының тергеуіне неге қатты араласып, өзіңізге берілген бар өкілеттікпен менің айғақтарыма жол бермей, жобаның ақшасын жымқырды деген айыптың барлығын маған жауып тастағаныңыз белгілі болды. Өйткені, 2015 жылы желтоқсанда осы жобаның несиелік құжаттарына қол қойған кезде Қытай даму банкінен несие алудың бастауында өзіңіз тұрдыңыз» деп жазды Сұлтанбеков.

Прокуратура Мәсімовтен Астана LRT ісі бойынша жауап алынды ма, жоқ па деген сауалға жауап берді.

«Сұлтанбековтың ҚР ҰҚК-нің бұрынғы басшысы К. Мәсімовке қатысты жариялауына қатысты, соңғысының іс бойынша айыпталушы болып табылмайтынын, сондықтан одан жауап алудың қажеті жоқ екенін хабарлаймыз» деп түсіндірді прокуратура.

Қанат Сұлтанбековтың өзі, прокуратураның мәліметінше, АҚШ-та, ал Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан Түркияда деген болжам бар.

«Осыған байланысты Арданды экстрадициялау материалдары Түркияға жіберілді, онда бұл елдің құзырлы органдары оны анықтау және ұстау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сұлтанбековке де экстрадициялау туралы сұрау салу жіберілді. Оны Қазақстанға беру мүмкіндігі бар. АҚШ-тың құзырлы органдары қарастыруда» деді Нұр-Сұлтан прокуратурасы.

Еске салсақ, Сұлтанбеков пен Арданға қатысты оларды күдікті деп тану туралы шешім қабылданған болатын.

8 қаңтарда ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды. Билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекеттер фактілері бойынша да тергеу басталды. Мәсімов әзірге тергеу изоляторындағы ұстау жағдайына шағымданған жоқ, деп хабарлады Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова.

orda.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста