Қайрат Нұртас кенже ұлын алып Жұлдыз демалып жатқан елге аттанды
Қазақтың танымал әншісі Қайрат Нұртас кенже ұлымен теңізге аттанды. ҚайратЧерногорияда демалып жатқан жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімованың жанына барды.
Бір апта бұрын Қайрат Нұртас өз парақшасында Жұлдызбен Алматының түнгі жарығы аясында бірге түскен суретін жариялады. Осы суреті арқылы Қайрат Жұлдызбен ажырасты деген қауесетке нүкте қойды.
"Еуропада кездескенше, Жұлдыз", - деп жазды әнші.
Осыдан кейін Жұлдыз Instagram желісінде Черногориядан түскен суретін жариялады. Ол бұл елде он күн болатынын айтты.
Кейіннен Қайрат Instagram желісіндегі парақшасында видео жариялап, табиғаттың сұлулығына тәнті болды. Олар Ханмен бірге су самокатын мініп үлгерді. Ал кешке Қайрат ұлымен бірге серуенге шықты.
"Черногорияда бала қарап жүрмін. Бірде-бір қазақ жоқ. Мен демалып жатырмын, ешкімді танымаймын. Рахаттанып жүрмін", - деді Қайрат.
Әнші демалыс сәтінен фото-видеолар жариялады.