Қайрат Жамалиев 7-15 жылға сотталуы мүмкін - Әлібидің адвокаты

Қайрат Жамалиев 7-15 жылға сотталуы мүмкін - Әлібидің адвокаты
24 жасар Әліби Жұмағалиевті өлімші етіп сабаған бизнесмен Қайрат Жамалиев 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бұл туралы Әлібидің қорғаушысы Хамида Айтқалиева айтты. Осы оқиға қоғамдық дүрбелең туғызғаннан бері зардап шеккен жақтың қорғаушылары алғаш рет сұхбат беріп отыр. Тергеу әлі аяқталған жоқ. Сол себепті адвокат Айтқалиева барлық сұрақтарға қысқаша ғана жауап бере отырып, жақында бұқаралық ақпарақ құралдарына сұхбат берген Қайрат Жамалиевтің "тоқалы" - Айнұр Исинаның кейбір сөздерін жоққа шығарды, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы Курсив.kz сайтына сілтеме жасап. Оның айтуынша, қазіргі кезде Әліби Жұмағалиевтың денсаулығы бір қалыпты. "Оның денсаулығына келген залалдың нақты деңгейін қандай? Ол туралы айту қиын. Бірақ сүйектің сынуы бар. Ол жігіт қатты психологиялық соққыдан әлі де айыға алмай жатыр", - дейді Айтқалиева. "Қайрат Жамалиев оны не үшін ұрды? Осы іске қатысты жаңа мәліметтер бар ма?" деген сұраққа адвокат: "Істің анық-қанығын жариялауға құқығым жоқ. Дегенмен, Айнұр Исинаның өз сұхбатында айтқан деректері шындыққа сәйкес келмейді", - деп жауап берді. Заңгердің сөзіне қарағанда, Әліби Жұмағалиев пен Айнұр Исинаның арасында романтикалық қарым-қатынас болған. Оны Әлібидің өзі растап отыр. Ал оның әкесі Нұрлан Жұмағалиев бұл істі аяғына дейін жеткізуге мүдделі. Ол ымыраға келу мәселесін қарастырып жатқан жоқ. "Негізі, Әлібидің әке-шешесі ұлының Айнұр Исинамен жүріп жүргенін білген. Алайда оның тұрмыста екенін білмеген", - дейді Айтқалиева. Оның айтуынша, Қылмыстық кодекстің 194-бабы, 4-тармағына сәйкес, Қайрат Жамалиевті 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін. Оның барлық мүлкі тәркіленеді. Оның әрекетінде басқа да қылмыстардың сипаты болған. Қазіргі кезде осы мәселе бойынша тиісті сараптама жүргізіліп жатыр. Ал Әліби Жұмағалиевтің ем-домына ақша жинау мәселесін халық әрқалай топшылағаннан кейін оның әкесі барлық қаржыны балалар үйіне аудару туралы шешім қабылдады.
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста