Қала әкімдігі қонақүйде тұрады

Қала әкімдігі қонақүйде тұрады

Қаржы дағдарысы қыспаққа алған қазіргі кезеңде әрбір тиынға жанашыр көзқарас қажет. Бұл жергілікті атқару билігіне жүктелген үлкен міндеттің бірі саналады. Алайда қазынаның қаржысына немкетті көзқарастан арылмай жүрген жергілікті атқамінерлер ақшаны оңды-солды шашуға әуес.
Өткен жылдың көктемінде Қы­зыл­­орда қала­сы­ның әкімдігі қо­ныс теп­кен ғимарат көзді ашып-жұм­ған­дай қыс­қа уақыт аралығында қира­­тылып тасталды. Сол кез­дегі қала бас­шысы Серік Қожаниязов аталған орын­ға «бес қабатты әсем ғимарат тұр­ғызамыз» деп уәдесін берген еді. Сон­да елдің алдына көздің жауын алар­лық ғима­раттың жобасын жайып тас­тап, шалқымаға салған болатын. Алай­да одан кейін көп ұзамай ол қала әкімі қызметінен кетті. Оның ор­нына басқа басшы жайғасты. Жыл­дан астам уақыт өтсе де, жергілікті жұрт­шылық бұ­рынғы әкімдіктің орны­на тұрғызылған ғи­маратты көрер емес.
Сол уақыттан бері қала бас­шы­лығы “Алтын орда” қонақүйін жалдап, қызметін жүргізіп жатыр. Ресми емес дерек көздеріне сүйен­сек, қала әкімдігі әр шар­шы метрге күнделікті 2819 теңге төлейді. Оны айға шақ­қанда 3 млн 219 мың теңгеге жуықтайды. Ал жыл бойы қала қазынасынан қонақүй қо­жайы­ны­ның қалтасына 18 млн тең­ге­ден астам қаржы құйылып жа­тыр. Бүгінгі дағдарыс уақытында текке ақша шашуға бол­майды емес пе?
Бұрынғы ғимарат неге ұнамай қалды? Оны жергілікті жұрт түсіне алмай жүр. Мақұл делік, басшылық орны соң­ғы жобадағы ғимаратқа қоныс тебуді көздесін. Алайда туған қаланың шежіресін айғақтайтын ғи­ма­ратты бұзып тас­таудың жөні бар ма еді? Аталған орын “Мәдени мұра” бағ­дарламасы аясында об­лыс­тық ма­ңызға ие ескерткіш бо­лып саналады. Сол кездегі мәдени ескерткіштерді қор­ғау мекемесінің басшысы Шайтұрсын Әбдібаевтың шы­рылына құлақ асқан ешкім бол­ған жоқ. Аталған орын қаланың дәл ортасында орналасқан. Қазір ол жер қа­­ңылтыр қоршаумен қор­ша­лып, қала сәулетін бұзып тұр.
Не десек те, бүгінгі күні қала әкім­дігі қонақүйді жал­ға алып отыр. Оған жоғарыдағы мөлшерде қар­жы жұм­салып жатыр. Жалдау мер­зімі қай уақытқа дейін созы­ла­ды? Бұл сауалға тұщымды жауап қай­таратын тірі пенде жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста