Қанат Әуесбай жаңа қызметке барды

Қанат Әуесбай жаңа қызметке барды

Қанат Әуесбай халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының астаналық филиалының төрағасы боп тағайындалды.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы Қанат Әуесбайды Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалға төраға етіп тағайындады. Журналистикада ӘУЕСБАЙДЫҢ Қанаты есімімен танымал әріптесіміз көп жылдар медиа және жоғары білім саласында жемісті еңбек етіп, журналистиканы педагогикамен ұштастырып жүрген білікті маман. Ол бүгінде астаналық «Elorda-Aqparat» медиахолдингі директорының орынбасары боп қызмет етіп жүр. Жаңа қызметті Қанат Әуесбай қоғамдық негізде атқарады.

Қанат Әуесбай журналист-педагог, филология ғылымдарының кандидаты. Ол әр жылдары «Қазақстан» ұлттық арнасының тілшісі, шеф-редакторы, «Atyraý» телерадиокомпаниясының директоры, жалпыұлттық қозғалыстың медиа-директоры, «Astana» телеарнасының жүргізушісі,  Елбасы кітапханасының баспасөз қызметінің аға сарапшысы боп табысты қызмет етті. Әл-Фараби қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, Л.Гумилев Еуразия ұлттық университетінің доценті, Атыраудағы Халел Досмұхаммедұлы университетінің аға оқытушысы болды.

Қанат Әуесбай - БАҚ өкілдері арасынан «Болашақ» бағдарламасымен оқыған тұңғыш журналист. Шығыс Англия университетінің түлегі (Ұлыбритания, Норвич қаласы). Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері, БАҚ өкілдері арасындағы республикалық «Nur Sunqar» байқауының жеңімпазы, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі», ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталған. Ұлыбританияда басылып шыққан қазақ және ағылшын тіліндегі «Батыс көрген. Ұлыбритания қазақтың көзімен» кітабы авторы.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста