Қаңтар оқиғалары кезінде инкассатор көліктерінің қауіпсіздігін 4,5 мың полицей қамтамасыз еткен

Қаңтар оқиғалары кезінде инкассатор көліктерінің қауіпсіздігін 4,5 мың полицей қамтамасыз еткен

Қаңтардың басында болған тәртіпсіздіктер кезінде "HalykBank"-тың инкассатор көліктерін 4,5 мың полиция қызметкері қорғап жүрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Тәртіпсіздіктер кезінде ғаламтор мен ұялы байланысқа шектеу қойылды. Мобильді аударымдар мен электронды төлемдерді іске асыра алмаған тұрғындарды қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету қажет болған. 

Өмірлеріне төнген қауіпке қарамастан, "HalykBank" инкассаторлары 3,5 мың банк бөлмішесі, 6 мың жанармай құю бекеті мен 17,5 мың бизнес нысандарына барған. Сонымен қатар 13 мыңнан аса банкоматты ақшамен толықтырған. 

Тәртіпсіздіктер мен ұрлық кезінде мұндай маңызды міндет полицейлер, Ұлттық ұлан мен Қарулы күштердің әскери қызметкерлерімен бірге іске асырылған. Олар инкассатор көліктерінің режимдік аймақтарға өтуін, блок-бекеттер арқылы жүріп-тұруын қамтамасыз етті. 

"Қазақстан Халық Банкінің ұйымы “Halyk Инкассация” ЖШС басшылығы дағдарыс жағдайында қарапайым адамдардың өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша маңызды әлеуметтік тапсырманы орындау кезінде батылдық пен ерлік көрсеткен әрбір инкассаторды, әрбір полицей мен әскери қызметшілерді мақтан тұтып, Ішкі істер министрлігіне көмегі үшін алғысын білдіреді", - деп мәлімдеді банк қызметкерлері.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста