Қар суының бейнетін емес, рақатын қашан көреміз?

Қар суының бейнетін емес, рақатын қашан көреміз?

Соңғы жылдары еліміздегі қалалардың жауған жаңбыр,  тасыған өзен  мен еріген қар суының астында қалып, шығынға ұшырауы үйреншікті жағдайға айналды. Мамандарымыз да апатты жағдайдың алдын алудан гөрі төтенше оқиғадан соң апат­тан келген залалды есеп­теу­ге машықтанып алғандай. Жақын­да ҚР төтенше жағдайлар ми­нистрі Владимир Божко соңғы үш жылда елі­мізге тасқын судан келген материалдық залал 28 миллиард теңгеден астам қар­жы­ны құрағанын жариялады. Аз шығын емес. Баз бір елдер жаң­быр суы мен қар суын жинап, ар­на­йы сүзгіден өткізу арқылы ауыз­су тапшылығымен күре­сіп әрі жаңбыр мен қар­ды тиімді пайдаланып отырса, біз қар мен жаңбыр суының пайдасынан зиянын көп көріп отырмыз.  
Министрдің мәліметіне сүйенсек, 2010-2012 жылдары елімізде болған түрлі тас­қын­нан 146 елді мекен зардап шегіп, 5064 үй мен 11 400 саяжай және шаруашылық құ­­рылыстарын су алып кеткен. Соның ішінде 31 мыңнан астам адам су басқан аймақтан бас­қа жақтарға көшірілген. Сондай-ақ, ми­нистрдің айтуынша, қардың күрт еруі мен то­лас­сыз жауған жаңбырдың салдарынан 107 елді мекенді су басып, кейбір нысандар қи­рап қалған. Жалпы, тасқын қаупі бар ай­мақтарда 1,4 миллионнан астам тұрғын мен 32 мыңнан астам тұрғын үй қоры, әлеу­мет­тік-мәдени және өндірістік мақсаттағы ны­сан­дар орналасқанын Божко мырза атап бе­ріп отыр. Шыны керек, басқа елдер «қа­лауын тауып қар жандырып» жаңбыр мен қар суын тиімді пайдаланып отырғанда, біз­дің қар суынан қыруар шығынға батып, тіпті адам өліміне жол беріп отырғанымыз ұят-ақ.
Бүгінде әлем бойынша таза ауызсу тап­шылығы үлкен мәселеге айналып отыр­ғаны рас. Сондықтан кейбір елдер жаң­быр, қар суларын жинап, арнайы сүзгіден өт­кізу арқылы ауызсу ретінде пайдаланып отырса, баз бір елдер мұндай суларды ар­ық­тар арқылы суқоймаларға бағыттап, егіс­тікті суаруға пайдалануда. Әйтеуір, зия­нын емес, пайдасын көруге машық­тану­да. Мәселен, мексикалықтар «жұ­мырт­қадан жүн қырқып», жаңбыр суын ауызсуға пай­далануда. Ол үшін еріктілер­ден құралған арнайы топ көмек көрсетуге де дайын. Бү­гінде тұрғындар жаңбыр суын жинаудың жаңа әдістерін меңгеруде. Аталмыш шара­ны жүзеге асыру үшін Мек­сика билігі 7 миллион песо қаражат бөл­ген. Қазір 10 мың тұрғын үйге арнайы құ­рыл­ғы орнатыл­ған. Жаңа қондырғы жаң­быр суын жинап қана қоймай, оны сол бой­да сүзгіден өт­кі­зіп тазартады. Бұл құ­рыл­ғының тағы бір тиімді тұсы ол күннен қуат алып жұмыс істейді. Яғни табиғаттың бер­ген суын құ­рылғы арқылы жинап, құ­рыл­ғының өзін табиғаттың көмегімен жұ­мыс істетуге көш­кен мексикалықтарға қалай сүйсінбессің. Бүгінгі таңда Мексика тұр­ғындарының 40 пайызға жуығы ауызсу тап­шылығын сезі­неді екен. Әсіресе қуаң­шылықтан ауыл шаруашылығының айтар­лықтай зардап шегетінін ұққан ел суды ба­рынша үнемдеп пайдаланып, тіпті жаң­бырдың тамшысына дейін жинап, кәде­ле­ріне жаратудың түрлі жолдарын қарас­тыруда.
Атап айта кетерлік жайт – біздің елі­міз­де су ресурстарына үнемшілдік жоққа тән. Қар суы мен жаңбыр суы түгіл, таза су қо­рындағы судың өзін қалай болса солай пай­даланамыз. Әлі күнге дейін күнделікті тұрмысымызда таза ауызсу мен техника­лық судың бөлінбеуі – осының айғағы. Кө­лік жуу орындарында көлік жуу үшін де, көшенің шаңын басу үшін де таза суды ша­шып, пайдаланып жатырмыз. Баз бір ел­дер ауыл шаруашылығында қуаңшылық­тың зардабын тартып, егістік суару кезінде де үнемшілдікке көшіп жатса, әлі күнге біз су­дың басын егістікке бұрып қойып, ерне­уі­нен асыра суару әдісінен әлі өзгере ал­май жүрміз. Мәселен, Израиль елі жай­қал­ған егіс­тікті тамшылатып суару әдісі ар­қылы қарапайым тәсілмен егілген көкө­ніс­тен екі-­үш есе артық өнім алуға болаты­нын дә­лел­деп отыр. Мәселен, кәдімгі әдіс бо­йынша 1 гектардан 30 тонна өнім алын­са, тамшылатып суару ар­қы­лы 60-100 тон­на­ға дейін көкөністі қам­баға жинап алуға бо­лады екен. Шыны керек, суды ер­неуінен асырып күні-түні суарып отырсақ та, біз әлі күнге өз елімізді өзіміз толықтай көкөніспен қамтамасыз ете алмай отыр­мыз. Ал Из­раиль елі табиғатының нашар болғанына қарамастан, тамшылатып суа­ру әдісі ар­қы­лы мол өнім жинап, өнімде­рін алыс-жақын шетелдерге шығаруда. Бір ғана Из­раиль елінде ғана емес, аталмыш әдіс дү­ниежүзінде көптеген елдерде қол­да­нылып, тиімді нәтиже беруде. Әйтсе де әлі күнге еліміз суды ысырап қолданудан гөрі үнем­деп пайдаланылатын мақтаулы әдіске то­лық бет бұра алмай отыр. Жалпы, бүгін­де әлем бойынша «Судың да сұрауы бар» еке­нін ұғынып, түрлі үнемдеу жолда­рын қарастырып жатыр.

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Жақыпбай ДОСТАЙҰЛЫ, География институты су мәселелері бөлімінің меңгерушісі, география ғылымының докторы, профессор:
– Бүгінде әлем елдері суды үнемді пай­далануға аса көңіл бөліп отыр. Ал біз үйі­міздегі шү­мектен аққан су өмірбойы солай ағып тұра беретіндей көреміз. Бұған дейін де айтқан бір жағдайды тағы есіме алғым келіп отыр. 2002 жылы болуы керек, Гер­манияның бір университетіне лекция оқу­ға бардым. Содан орналасқан қонақүйде суды ағызып қойып, сақалымды алып жат­сам, қасым­дағы басқа елдерден кел­ген про­фессорлардың таңғалғаннан көз­де­рі ша­расынан шығып кетті. Олар бір ста­канға су құйып алып, тісін де сол суға жу­ып, са­қалын да сол бір стакан сумен алады екен. Не деген үнемділік! Басқа елдерде пай­да­лануына қарай техникалық су мен ауызсу екіге бөлінген. Ал біз барлық мақ­сат­қа таза ауызсуды пайдаланып жатыр­мыз. Бұл бетімізбен кете берсек, судың зар­дабын қат­ты тартатын кез келеді. Елі­міз­дегі су қо­ры­ның да күрт азаюына суды қалай болса солай қолдануымыз себеп бо­лып отыр. Бұған дейін су ресурстарының көлемі 126 текше шақырымды құраса, қа­зір 100 текше шақырымға дейін азайған. Аз уақытта осын­ша су құртуымыздан-ақ су­ды қалай пай­даланатынымызды ұғуға болады. Су қорымыздың өзін осылай қол­данып отыр­ғанымызда, жаңбыр суы мен қар суын жи­нап, тиімді пайдалану туралы сөз қозғау­дың өзі артық шығар. Бүгінде за­ман ағы­мы­на сай, суды сүзгіден өткізетін құ­рыл­ғы­лар пайда болуда. Ендеше, қар суы мен жаң­бырды жинап, сүзгіден өткізу арқылы ең болмаса бір жолғы тазартудан өткізіп, тех­никалық су ретінде көлік жуу ор­ында­рын қамтамасыз етуге болар еді. Су да – бір тілсіз жау. Оның тілін тауып, тиім­ді пай­да­ланудың жолын қарастыр­масақ, зарда­бын тартып, келер шығын кө­ле­мі арта бе­ре­рі сөзсіз. Сондықтан жыл са­йын беталды аққан судың шығынын көре бермей, өзіміз басқарып кәдемізге жара­туды меңгеруіміз керек. Дәл қазіргі таңда еліміздің ішкі су саясатындағы басты қағида суды үнемді әрі тиімді пайдалану болуы керек.

Шыны керек, суқоймалар салып, ері­ген қар суы мен жауын-шашынды жинау түгіл, бүгінде қала ішіндегі арықтарды уақ­тылы тазалап, судың қала ішінде сақтал­май ағып кетуіне жағдай жасай алмай отырғанымыз рас. Мамандар «суға деген осы көзқарасымызды өзгертпесек, су ба­ға­сы мұнаймен тең болатын күн де алыс емес» дейді. Еліміздің кейбір өңірлерінде қыста кісі бойы қар түсетінін ескерсек, оны Құдайдың өзі берген несібесі ретінде кә­де­мізге жаратуды ескеретін кез жеткен се­кілді. Сондықтан алдағы уақытта шетел­дер­дің тиімді тәжірибесін өз тәжірибемізге енгізіп, көктемгі мезгілде еріген қар суы­ның әбігерін емес, рақатын көрсек ұтыл­масымыз анық.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста