Қар жауса да, өртеніп жүрмейік

Қар жауса да, өртеніп жүрмейік

Төтенше жағдайлардың алдын алушы мамандар алматылықтардың өрт қауіпсіздік ережесіне салғырт қарайтындарын айтып, жылыту маусымында отын түрлерін дұрыс пайдалануды үйретіп жүр. Ал жыл басынан бері тіркелген тілсіз жаудың тізімі 700-ге жетіп қалған.
Алматы қаласы төтенше жағдайлар де­пар­таментінің мамандары биылғы жазда өрт­тің көп болғандығын айтып, алда келе жат­қан жылыту маусымына дайындық ша­ра­ларын жүргізіп жатыр. Мамандардың та­ратқан статистикалық мәліметтеріне сен­сек, жыл басынан бері Алматы қаласының өзін­де 625 өрт оқиғасы тіркеліпті, тір­кел­меген тілсіз жаулар қаншама? Жалпы ал­ған­да, төтенше жағдайлардың 80 па­йызын өрт құрайтын көрінеді. Өрт сөн­­діруші қызметкерлердің айтуынша, оның басым бөлігі жалға берілетін үй­лерде, қыс мезгілінде тұруға арналмаған сая­жайлар мен заңсыз салынған құ­ры­лыс­тарда болады. Өрт қауіпсіздік ережелеріне сал­ғырт қарап, жылыту ошақтарын пай­да­ланудың қауіпсіздік ережелерін біл­мей­тіндердің кесірінен балалар мен ересектер от жалынның құрбанына айналып жүр. Ап­тап ыстықта жауынсыз ауа райының сал­дарынан қурап қалған ағаштар тұ­та­нып, газ балондары атылып жатса, күн суы­тып қар жауса да жылынамыз деп оттан опық жейтіндердің болары рас. Төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын ұйым­дастырушы мамандар да бұл мәсе­леге қатысты алаңдаушылық танытып, халық­ты тілсіз жаудың тырнағына ілік­пеу­дің жолдарын бірлесіп қарастыруға ша­қырып отыр.
Өрттің шығуына төмендегідей жағдайлар себепкер болады:
• Электр жабдықтарын техникалық көшіру мен жөндеуде  бұзылған ережелер – 102 оқиға тіркелді;
• Тұрмыстағы электр жабдықтарын көшіруде бұзылған өрт қауіпсіздігі ережелері – 5 оқиға;
• Түтіндіктер мен пештерді көшіру ережелерінің бұзылуы – 76 оқиға;
• Өрт қауіпсіздігі ережесін дұрыс қолданбау – 225 оқиға;
• Өртеу бойынша – 29 оқиға тіркелген.
Айнұр Абдулина, Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы:
– Өрттің алдын алу мақсатында 1 қыр­күйектен бастап қаланың әр ауд­а­ны­на қарасты төтенше жағдайлар бө­лі­мінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ай­­лығын жүргізіп жатыр. Шара ба­ры­сында күнбе-күн инспекторлық құрам қа­ла тұрғындарының үйлерін аралап, тұр­мыстағы өрт қауіпсіздігі ере­же­ле­рімен, сондай-ақ сұйық және қатты отын­мен жағылатын жылыту ошақ­та­рын көшіру  ережелерімен  танысты­ра­ды. Бұқаралық ақпарат құралдары мен жарнама тақтайшалары арқылы, со­нымен қатар өрт қауіпсіздігі ережелері жа­йында жадынамалар таратылып, көше бойы қатты дауысты құрылғымен қала тұрғындарына ақпарат тара­ты­ла­ды. Қала мектептерінің оқушыларымен өрт қауіпсіздігі ережелері жайында са­бақ­тар өткізіледі. Десек те, мұндай ша­ралардың үнемі ұйымдастырылып тұр­ға­нына қарамастан, биыл Алматы қа­­ласында 625 өрт оқиғасы тіркелді, оның 137-сі тұрғын үйлерде орын алды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста