Қарағандыда әкелер сайысты

Қарағандыда әкелер сайысты

«Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер». Қарағандыда өзгеше сайыс өтті. Отбасы құндылығының маңызын арттыруға арналған шарада әдеттегідей отанасы емес, отағалар өзара сайысқа түсті.
Қарағанды облысының әкімшілігі мен Әйелдер ісі және отбасы – демографиялық саясаты жөніндегі комиссия төрағасы Арман Қырықбаевтың бастамасымен «Әке – асқар тау» атты сайыс Қарағандыда алғаш ұйымдастырылып отыр. Әр өңіріде өткен жарыстарда топ жарған ер-азаматтар ақтық сынға қатысуға Абай қаласына жиналды. Үбірлі-шүбірлі үлгілі отбасының өкілдері сан түрлі салада еңбек етеді. Аталған сайыста сегіз қырлы бір сырлы сегіз азамат бақ сынасты. Олардың арасында әнші, ұстаз тіпті аспазға дейін бар. Әдетте сахнада он саусағынан өнер там­ған мисс және миссистерге көзіміз үйрен­ген. Енді мұндай жарыстардан ер-азамат­тар да қалыс қалмайтындарын көрсетті. «Таныстыру», «Бұл — біздің әкеміз», «Тосын жайт» және «Жұлдызды сәт» кезеңдерін­де ер-азаматтар қолдан келген бар өнерін аянбай ортаға салды. Әкелер сайысын өткізудегі мақсат – ер-азаматтардың же­тісті­гін, бала тәрбиесіндегі ерекше орнын, олардың қоғамдық саяси өмірде­гі табы­сын көрсету көзделген. Бұл сайысқа қатысудың өзі әкелердің ерекше батыл­дығын паш етті. Сондықтан сегіз отағасы да түрлі аталымда сый-сияпат иеленді.
Еділбаев Марғұлан, «Әке — асқар тау» сайысына қатысушы:
– Мен Жезқазғаннан келдім. Негізгі шұғылданатын ісім – әншілік. Бұл сайысқа қатысуға ойланбастан келіс­тім. Әкелердің жетістігін көрсету үшін мұндай шара қажет деп ойлаймын. Жылдың бір күнін «әкелер күні» деп белгілеп жатса, тіпті қуанар едік.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста