Қарағандыда ер адам көшенің қақ ортасында тоққа түсіп, мерт болды
9 маусым күні Қарағанды қаласындағы аялдамалардың бірінен белгісіз ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті тұрғындар ер адамның тоқ соққаннан көз жұмғанын айтан болатын.
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адам тоқ соғу салдарынан қайтыс болғанын хабарлады. Мұны сот-медициналық сараптамасы растаған.
"9 маусымда Горняк аялдамасынан 33 жастағы ер адамның денесі табылған. Жазатайым оқиға фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 306 бабы" Қаіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет немесе тауар ұсыну” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция бөлімінде.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қажетті тергеу шараларын жүргізуде.