Қарағандыда кішкентай қызды шашынан жұлқыған балабақша тәрбиешісі жазаланды

Қарағандыда кішкентай қызды шашынан жұлқыған балабақша тәрбиешісі жазаланды

Қарағандыдағы баласы «Арман» балабақшасында білім алатын ата-ана мекеме қызметкері балаға қол көтерді деп шағымданған. Бейнебақылау камераларынан белгілі болғандай, тәрбиеші кішкентай қызды шашынан жұлқылаған. Қалалық білім бөлімі қызметтік тексеру өткізіп, оның нәтижелерін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 
Әлеуметтік желілерде Қарағанды қаласының Майқұдық шағын ауданында орналасқан «Арман» балабақшасының бейнебақылау камераларынан алынған видео тарады.

Оның сипаттамасында автор Майқұдықтың 12-ші шағын ауданда орналасқан «Арман» бөбекжайында қыз баланы тәрбиеші шашынан жұлқылағанын жазады.

«Мен мұны бейнеден кездейсоқ байқап қалдым. Бәлкім қыз баланың ата-анасы баласын кімге сеніп қалдыратынын білмеуі мүмкін. Міне, балаларымызға деген қарым-қатынастары қандай...» - деп жазады жарияланым авторы.
Осы оқиғадан кейін қалалық білім бөлімі балабақшада қызметтік тексеру жүргізді.

«Құрметті ата-аналар! Қарағанды қаласының «Арман» балабақшасын тексеру аяқталды. Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша тәрбиешінің көмекшісі ҚР Еңбек кодексінің 49-бабының 3-тармағына сәйкес жұмыстан шығарылды. Мектепке дейінгі ұйымның директорына қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Балаларға қатысты физикалық, моральдық және психологиялық зорлық-зомбылық әдістерін қолдануға жол берілмейтінін еске салғымыз келеді», - деп хабарлады Қарағанды қаласының білім бөлімі.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста