Қарағанды облысындағы Ақтас кенті, Қарағанды, Саран қалаларының тұрғындары алғашқы қарды қарсы алды.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Өңір тұрғындары әлеуметтік желілерде жауған қар туралы суреттермен және видеороликтермен белсенді бөлісуде. «Жедел медициналық жәрдем» қызметіне ауа-райы мен күннің суытуына байланысты қайғылы жағдайлар туралы ақпарат түспеген.
Сондай-ақ, Павлодарға да алғашқы қар жауды. Метеоқызмет дерегі бойынша, Қазақстанның бірқатар өңірлерінде күн суытады. Себебі, Қара теңіз аудандарынан Қазақстан аумағына суық және ылғалды ауа массалары ауысып жатыр.