Қараша айында ауа райы қандай болады?

Қараша айында ауа райы қандай болады?

Күздің соңғы айы қарашада ауа райы жауын-шашынды болады, жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Қарашаның бірінші онкүндігінде солтүстікте, шығыста және орталықта қар жауады. Ал батыс пен оңтүстік-шығыста қарашаның үшінші он күнінде қар түседі. Бұл айда суықтың үш толқыны келіп жетеді, ол бірінші және екінші онкүндіктің басында, сонымен қатар, үшінші онкүндіктің ортасында.

Синоптиктердің мәліметінше, қараша айының үшінші онкүндігінің ортасында қатты аяз болады, ол кездері Қазақстанның солтүстігінде түнгі ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендейді, күндіз 12 градус суық болады. Ал еліміздің оңтүстігінде түнде - 10 градус, күндіз 5 градус суық болады.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 3-5 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, 3-5 қараша аралығында Қазақстанның солтүстік бөлігінде қар жауып, боран соғады, ал оңтүстікте тұман түсіп, жауын жауып , жолдарда көктайғақ болады.

"Оңтүстік-батыс желінің күшеюіне байланысты республика бойынша аяздың беті қайтады: еліміздің басым аумағында түнде 0-5 градус суық, күндіз -3+3 градус жылы болады, ал оңтүстікте түнде 0-5, күндіз 3-10 градус жылы болады", - деп хабарлады метеорологтар.
kaz.tengrinews.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста