Қарызын өтемегеннің кәрізі жабылады

Қарызын өтемегеннің кәрізі жабылады

Ақтөбедегі «Ақбұлақ» АҚ борышкерлермен күресте жаңа әдіске  көшті. Олар жылдап қарызын қайтармайтын тұрғындардың пәтерлерін  кәріз жүйесінен ажыратып тастауды қолға алды. Бұл үшін жаңа қондырғы орнатылуда.
Борышкерлерімен «Ақбұлақ» АҚ бас­шы­лары  кәріз жүйесін бекітіп тас­тау ар­қылы күреспекші. Бұл үшін қа­ры­зы бар пә­тер­лердің ішіне кірмей-ақ, пәтерді кәріз жү­йесінен ажыратып тас­­тауға мүмкіндік бе­ретін   қондырғы пай­даланыла­ды. Бұл мо­ни­торы бар чемодан. Бас­ты ерек­шелігі – чемо­дан арқылы қа­рызға батқан бо­рыш­кер­лердің үйіне кір­мей-ақ, кәріз жолдарын түге­лімен бітеп тас­тауға болады екен. Және ол көрші-қо­лаңға да еш зиян келтірмейді. Үйдің төбе­сі­не орнатылатын бұл құ­рыл­­ғы қарызы көп пә­тердің кәріз жолда­рын автоматты түрде жауып тастайды.
Бекболат Балғожин, «Ақбұлақ» АҚ өткізу қызметінің бастығы:
– «Ақбұлақ» АҚ қарыздар тұрғындарға ескерту жасап, сотқа сүйреп шаршадық. Енді басқаша тәсілге  жүгінбекпіз.  Украи­на­дан әкелінген құралды  сынап көреміз. Тұр­ғындар қарыздарын уақытылы жауып тұрмаса, осындай қатаң шараларға баруға мәжбүр боламыз. Осы уақытқа дейін талай ескертіп-ақ жүрміз, бірақ тұрғындар қары­зын қайтарғылары келмейді. Қазір қалада қары­зы жылдап төленбеген 500-дей або­нент бар. Кәріз жолдарын бітеуді алдымен сол тұрғындардан бастаймыз. Бұл әдіс қа­зір Қазақстанның батыс аймақтарында іске асып келеді, әзірге нәтижесіз емес. Сон­дық­тан бізге де қарызы көп ақтөбеліктерді бір тәр­тіпке салып алу керек.

Ішкі шығындардың көптігін, сондай-ақ «Ақбұлақ» АҚ қарамағына қосымша нысандар беріліп,  бұл жаңа нысандарды да сумен, кәріз жүйесімен қамту қажеттігін, оған қоса қажетті материал, шикізаттың нарықтағы бағасының өскендігін де алға тартып,  биыл ауызсуды 179,3 пайызға, кәріз жүйесі қызметін 97,4 пайызға қымбаттатуды жоспарлап отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста