Қаржы полицейін 20 мың долларға сатып алмақ болды

Қаржы полицейін  20 мың долларға сатып алмақ болды

Алматы қаласы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері сот процесін өз пайдасына шешуі үшін департамент өкіліне 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара бермек болған азаматты құрықтады.
Алматы қаласы ЭСЖҚД лауа­зымды және сыбайлас қылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы Ерлан Егеубековтің айтуынша, мамыр айында Үкіметке 840 миллион теңге салық төлемегені үшін «Вулкан» ЖШС Я. есімді директорының ісі сотқа жіберілді. Жазадан құтылып кетудің оңай жолын іздеген Я. қаржы полициясының Елтай Бекмурзин есімді қызметкеріне пара ұсынады. Бекмурзин оған бұл әрекеттің заңға қайшы келетінін айтып, бірнеше рет ескерту жасайды. Алайда бармақ басты, көз қыстылықты іздеген азамат өз әрекетінен танбай, оның жұмысына 20 мың АҚШ долларын алып келеді. «Осы уақытта біздің жедел іздестіру тобының жігіттері оны тарпа бас салды. Қазір азамат уақытша қамауда отыр, ал оның ісі әрі қарай тексеріліп жатыр», – дейді Ерлан Егеубеков. Түркияда туып-өскен бұл азамат 2008 жылы Қазақстан азаматтығын алды. Қия басқан екі бірдей қадамы үшін ол алдағы күні сот алдында жауап береді. Заң бойынша салықтан жалтарғандар – 5 жылға дейін, аса ірі мөлшерде пара бергені үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. «20 мың АҚШ доллары қылмыстың заттай дәлелі болып табылады. Ол сотқа айыпталушымен бірге барады. Сот аяқталғаннан кейін ақша мемлекет қазынасына қосылады», – дейді қар­жы полицейі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста