Қасқыр үш адамды талап тастады

Қасқыр үш адамды талап тастады

Қыстың алғашқы күні Қарқаралының Томар ауылы тұрғындары үшін аса суық хабармен басталды. Село орталығы Томар ауылынан 15 шақырым алыста, тау арасында орналасқан Кемеш ауылында шаруа қожалығының иесі мен екі жұмысшыны жыртқыш қасқыр талап тастапты.

Сол күні таңғы сағат 5-тер шамасында Томар селолық округіне қарасты Кемеш қыстағының тұрғыны Т. есімді әйел адам иттердің шабаланып үргенін естіп, тысқа шыққан. Қора маңынан қасқырды байқаған ол дереу баласы мен жұмыскерлерді оятып, дабылдатса керек. Ауылда оқ шығаратын қару болмағандықтан, Томарға барып, аңшылардан көмек сұрамақ болған Т-ның баласы көлігін қыздыруға кеткенде, баласы үшін алаңдаған Т. қора айналып, соңынан барған.

Қора бұрышында Т-ға жыртқыш қасқыр тап беріп, жерге құлатып талай бастаған екен. Сол сәтте Т-ның айғайын естіген жұмысшылар көмекке жеткен. Қасқыр болса екі жұмыскерден де қаймықпай, оларға да тап беріп, бірінің – иығын, келесісінің бетін жаралапты. Ақыры әлеуетті жыртқыштан алпыстан асқан әйелді әзер арашалап алған қос азамат қансыраған қалпы Томар ауылынан көмек күтіп үйде отырған екен. Арада біраз уақыт өткен соң селолық округ орталығынан жеткен аңшылар қора маңынан әлі кете қоймаған қасқырды атып алып, жарақат алған Т. мен екі жұмысшы жедел жәрдем арқылы аудан орталығындағы ауруханаға жеткізіпті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста