Қатал тәртіптегі жаңа түрме ашылды

Қатал тәртіптегі жаңа түрме ашылды

Қазақстан түрмелерінің қатары тағы бір қатал тәртіптегі түзеу мекемесімен толықты. Жаңа абақты – Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесінің комитет басқармасы, ЛА 155/12 мемлекеттік мекемесінің жанынан құрылды.

Қатал тәртіптегі бұл түзеу мекемесінің жалпы аумағы 14 гектар жерді алып жатыр. Кешеннің шамамен 600 адамға арналған алғашқы бөлігінің құрылысы 2004 жылы басталып, енді ғана бітіп отыр. Түрмені салу үшін Үкіметтен барлығы 2 млрд 700 миллионға жуық ақша кеткен. Қазір мекеме толықтай пайдалануға дайын. Жаңа түзеу мекемесіндегі 15 орындық стационарлық орталықта жазасын өтеушілерге арналған барлық медициналық жәрдем құралдары бар.

Тіс емдейтін бөлім, рентген бөлмесі, инфекциялық палата және басқа бөлмелер түгелдей жаңа қондырғылармен жабдықталған. Мұнда 600 адамға арналған екі жатақхана орналасқан. Олардың әрқайсысы 1,5,6 адамға арналған бөлмелерден тұрады. Әр жатақхананың өзінің ас дайындайтын, тәрбие беретін бөлмелері бар. «Бұл жерге тап болатын адамдардың көбінің психологиялық жағдайы дұрыс. Түрме деген аты болғанымен, мұнда адамдарды тәрбиелеумен айналысады. Сондықтан адамдарға біз қолайлы жағдай туғызуымыз керек.

Түзеу мекемесінің жағдайы дұрыс болса, сотталғандардың да туыс, таныстарының көңілі тыныш болады», – дейді Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесінің комитет басқармасы бастығының орынбасары Кенжебек Өнербеков. Оның сөзіне қарағанда, дәл осындай жағдайы бар түзеу мекемесі елімізде санаулы ғана. Алдағы уақытта мұнда кинотеатр, спорт кешенін, жеңілдігі бар адамдарға арналған тұрақтар, әртүрлі жұмыс, тәрбие орындарын ашу жоспарда тұр.

Бұл абақты наурыз айыннан бастап жұмысқа кіріседі. Басқарма орынбасарының сөзіне қарағанда, қазір оған арнайы мамандар дайындалып жатыр. Статистикалық мәліметке сүйенсек, қазіргі күні Алматы облысында барлығы 10 оқшаулау мекемесі орналасқан. Оларда отырған азаматтардың жалпы саны – 4663.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста