Қазақ баласы өзіне лайық әндерге сусап отыр

Қазақ баласы өзіне лайық әндерге сусап отыр

«Ел болам десең, бесігіңді түзе». Кемеңгер Мұхтар Әуезовтің даналық сөзі – өз күшінде. Дәл бүгінгі күнге, бізге айтылғандай әсер ететіні анық. Иә, біз ел болуға бекіндік. Болдық та. Бірақ бесік түзеу жағына келгенде неге кенжелеп отырмыз?
Бүгінгі бала – ертеңгі елтұтқа. Ал өнер­лі бала – белгілі бір мөлшерде қоғамды тәрбиелеуші күш. Қоғамның «тәрбиешілерін» дұрыс тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы. Екіншіден, эстрададағы талғамның шатқаяқтап тұрған шағында сахнаға енді ғана қадам басып жатқан жас бүлдір­шін­дер­ді дұрыс жолға салу арқылы шын өнерді сақтап қалуымызға болады.
Ол үшін жас таланттардың өнерге деген көзқарасын дұрыс қалып­тас­ты­руы­мыз керек. Шын өнер мен бір күн­дік алдамшы дүниенің аражігін ажы­ра­тып беру де – осы жолда атқарылар шаруа. Бүгінгі Мейрамбек Беспаев та, Ерболат Құдайбергенов те шына­шақ­тай күнінен сахнада шыңдалған. Елдің көз алдында ержетті. Бірі «Боз­тор­ғайын» боздатып, бірі «Салтанатын» шыр­қатып өсті. Соның нәтижесінде екеуі де елінің елеулі әншілеріне айналды. Демек, ертеңгі Мей­рам­бе­гі­ңіз бүгінгі балалардың арасында жүр­генін ұмытпағанымыз жөн.
Жас өнерпаздарымыз жоқ емес, бар. Бірақ олардың репертуары жұтаң екені даусыз шындық. Балаларға арналған түрлі ән байқаулары мен кон­­курстарды көріп жүрміз. Жас да­рын­дардың дауысына дауа жоқ. Тасжарарлық таланттарды да көзіміз ша­лып қалады. Дегенмен сол бая­ғыша өзінің жасына сай келмейтін ән­дерді айтып тұрғанына куә боламыз. Бірі Қарақат Әбілдинаның репер­туа­рынан «Балапан қазды» орындаса, енді бірі Роза Рымбаеваның орын­дауын­дағы «Әлиядан» бір-ақ шыға­ды. Жетер жеріне жеткізіп-ақ айтады. Бірақ мұндай әндер бала айтатын ән бе?
«Өмір өткінші, бес күн жалған, өтер-кетер» мағынасындағы әндер бала айтатын ән емес деп білеміз. Бала «арманыма асығамын» десе жараспай ма? Олар анасын сүйсе, ұстазын құрметтесе, табиғатты аяласа, туған жерін қастер тұтса қандай сенім­ді. Сол әндері арқылы әр адамның сезімін тербеп, ойын қозғар еді. Он екіде бір гүлі ашылмай жатып махаб­бат туралы әуелетіп, «сені сағындым» дегенде, «бетті басып, қатты сасып» қала­тынымыз рас. Сендірмейді. Сен­дірмегесін ойландырмайтыны, тол­ған­­дырмайтыны тағы анық. Онда неге балалардың уақытын бекерге алмай, өздеріне лайық әндерді айт­қыз­­басқа. Кеше біздер қоша­қа­ны­мыз­ды жақсы көріп өспеп пе едік?
«Жазда апамның аулына,
Барып едім қыдырып.
Бір қошақан алдымнан,
Шықты ойнап, жүгіріп.
Ақмаңдайлы ай ма екен?
Шекер ме екен, бал ма екен?
 Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен?»

Осы жолдар – әрқайсымыздың жады­мызда.
                                    Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
Әуені де көңілімізде сайрап тұр. Шопан атаның төліне деген махаб­ба­тымызды оятып, сағыны­шы­мыз­ды тербемеп пе еді?!
Жоғарыда Мейрамбек пен Ер­бо­латты бекерге айтқан жоқпыз. Мейрам­бек «Бозторғай» әні арқылы сол кездерде қоғамды тәрбиелегенін мойындауымыз керек. Жетімдіктің қасіретін ұқтырып, талай әке мен шешені ойландырды. Аяу­шы­лық сезімдерін туғызды. Ал Ерболат «Сал­танат» атты әнімен аға мен қарын­дас­тың арасындағы бауырмалдықты, сый­лас­тық­ты қалыптастырды. Өнерлі бала белгілі мөл­шерде қоғамның тәрбиешісі дегендегі айтпағымыз – осы.
Олай болса бүгінгі бүлдіршіндерді неге  осындай әндермен тәрбиеге баулымасқа?! Ел болу жолындағы бесік түзеудің төте жолы осы ғой. Бар айт­пағымызды солар­дың аузымен айтайық. Өскелең ұрпақты өздерінің қатарымен тәрбиелейік. Бір сөзбен айтқанда, сек­сеуіл­ді сексеуілмен ұрып жарайық. Жиыр­ма бірінші жүзжыл­дық­тың баласына да­ныш­пан ойларымыз, кемең­гер ақылымыз, құрғақ сөзіміз біз ойла­ғандай әсер етпеуі мүмкін. Ал ән дегеніңіз, егер ол шынайы өнер туындысы болса, әсерсіз болмайды.
Сондықтан «мен қазақтың ұлымын, мына кең-байтақ жер менікі, елім мен үшін, мен елім үшін, бар байлығым – тәуел­сіздігім, тілім – тірегім» мағы­на­сын­дағы әндердің дүниеге келуі – кезек күт­тір­мейтін мәселе. Екі күннің бірінде ғашық болып, жүрегін сағыныш кернеп жүрген саз­гердің де, аруын айға балап, аспанға қол созып жүрген ақынның да ойланар күні туып тұр... Мүмкін, әр тараптан іздеп жүр­­ген ұлттық идеологиямыздың бір ұшы осын­да шығар. Бізге Тәуелсіздіктің баян­ды­­лығы керек болса, ол үшін әр пер­зен­ті­мізді осы жолда жан аямай күресетін аза­мат етіп қалыптастыруымыз керек шығар.
Белгілі ақын Нұрсұлтан Әлімқұлов пен көрнекті композитор Әбілахат Еспаевтың тандемінен туған «Батыр бала Болатбек» әнін ұмытпаған боларсыз.
«Батыр бала арқалаған ел жүгін,
Көрсетті де пионерлік ерлігін,
Отан үшін жау қолында жан қиды,
Сол үшін де ұмытпайды ел бүгін.
Ерлігіңді біледі ел,
Ұмытпайды, сүйеді ел.
Батыр бала, батыр бала Болатбек,
Батыр бала – советтік жас пионер».

Бұл ән туралы талас көп. Ол әңгімені қайта қоздату мақсатымыз емес. Біз бар болғаны Болатбектің ешқандай да Павлик Морозов емес екенін ескере отырып, осы әннің кешегі буынға қалай әсер еткенін айт­қымыз келген. Болатбек болғысы кел­ген баланың соншалық көп болғанын ұмы­та қоймаған болармыз.
Неге бізге бүгінгі күннің, Тәуелсіз елдің «Болатбегін» тудырмасқа. Ол жауға қарсы шаппай-ақ қойсын. Тіпті майдан дала­сын­да жанын қидырмай-ақ қоялық. Бірақ ел тағдыры сынға түссе, аянып қалмайтын қаһар­мандығын көрсетсек болмас па? Бүгін­гінің батыр ұлы тұғырға шықсам, тұл­пар мініп, ту ұстасам деп армандаса жаман ба? Түк таппасақ, 20 жасында әлемді мойын­датқан батыр Бекзаттың ерлігі үлгі етуге тұратын шығар.
Егемен еліміздің ертеңгі тізгін ұстар азаматы елдің жайын қара басының қа­мынан жоғары қоятын тұлға болып қа­лып­тасса, одан артық бақ бар ма? Ол үшін ба­ла­ларымызды дұрыс тәрбиелеуге тиіспіз. Тәрбиенің зоры – оларды «есер әндерден» қорғап, «есті әндермен» сусындату. «Тәтті әуен мен жақсы күй олардың құлағынан кіріп, бойын алсын, көңіліне түрлі ой сал­сын, сол арқылы әнді сүйсе, Абайша сүй­сін». Әйтпесе «Биле, биле» деген желіккен әндер онсызда көп. Ортан қол, әуесқой саз­герлеріміздің 20 жыл билеткені де жетер? Ауыр да болса абыройлы мін­дет­ті атқарар күніміз туды. Жүгіміз же­ңіл­деу болсын, жұмыла көтерейік дегіміз ке­ле­ді.
Кеңес ДҮЙСЕКЕЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор:
– Егемендік алғаннан кейін балаларға арналған әндер құрып кетті. Және бұған көңіл бөлген адамды көрген жоқпын. Бұл үлкен мәселе болып тұр. Бұны сіз бен біз шеше алмай­мыз. Бұны үкіметтік тұрғыда қолға алу керек. Онсыз болмайды. Мә­де­ниет министрлігі қамқорлығына алмаса, жағ­дайымыз қиын.

Бұны шешудің бірден-бір жолы сол: балаларға арналған әндердің конкурсын өткізу керек. Оған барлық сазгер қатыс­са, 50-ге жуық ән бәйгеге түссе, со­дан бес ән шығар еді. Тіпті бір ән шықса да үлкен байлық болады. Сонда бес жыл­да бес ән туады. Кешегі күнгі күллі бала жатқа айтқан әндер бір жылда жазы­ла сал­ған жоқ. Олар да сұрыпталып, бес жыл­да, он жылда жазылған шығармалар. Министрлік қолға алса, он жылдың айна­ла­сында Тәуелсіз елдің ұрпағын тәр­бие­лейтін әндер жа­зы­лар еді. Ал конкурстар ұйым­дастырылмаса, ән­дерді іріктеп, сұ­рып­­тамасақ, басқа­сының бәрі – бос сөз.
Тағы бір айтарым, балаларға арнап ән жазу – қиынның қиыны. Ол әркімнің қолы­нан келе бермейді. Балаларға арнап жазу үшін жүрегің таза болуы керек. Балаларға өтірік айта алмайсың. Ең бірінші балаларды сендіруге тиіссің. Сендіре алмасаң, әнің сол жазылған, айтылған жерінде қалады. Он­дай әнді бала тыңдамайды. Екінші об­раз керек. Баланың жадына, көңіліне жат­та­латындай образ табу да үлкен еңбекті қажет етеді. Содан кейін қазақы пси­хо­ло­гияны бере білуге тиіссің. Менің кешегі күні балалар жатқа айтқан «Жау, жаңбыр», «Солдат болам мен ертең» сынды әндерім осы талаптарға сай жазылған.
Біз ұрпағымызды өз әндерімен өсірейік. Ол үшін ел азаматтары жоғарыда айтқан ой-пікірлеріме көңіл бөлгені жөн.
Айман ТОҚТАРБЕКҚЫЗЫ, Алматыдағы Оқушылар сарайының қызметкері, білікті ұстаз, республикалық «Ғұмырдария» бай­қауының авторы:
– Қазіргі балалардың өнерге деген құш­тарлығы керемет. Бірақ солардың талан­тын, дауыстарының диапазонын көр­сетерліктей әндердің жоқ екендігін айтқым келеді. Осы жағынан үлкен қиындық туып тұр. Кейде ата-аналар­дың қалауымен ақын­дар мен сазгер­лерге арнайы тапсырыс беріп те жата­мыз. Сонда байқағаным, ақын­дар әдемілеп жазып бере алады. Баланың ұғымына сай етіп, солардың тілі­мен жаза алады. Ал сазгерлеріміз жақсы дүние тудыра алмай келеді. Жазған­дары балаға мүлде келмейді. Кешегі Нұрғиса, Әсет ағаларымыздың деңгейі жоқ оларда. Содан кейін амалдың жоқтығынан халық әндерін, Біржан сал, Жаяу Мұса сынды халық компо­зиторларының әндерін үйре­те­міз. Бәрі жабылып сол әндерді айтып келеді.

Енді балалардың жасына сай болмаса да махаббат туралы әндер айтатынына келсек, олар қазіргі сахнада жүрген аға буын әншілерге еліктейді. Солардан көр­генін істейді. Олар нені айтса, бұлар да соны шырқауға даяр. Ал бұларды өз­де­рінше тәрбиелейін десең, тағы да сол ре­пер­туардың тапшылығына келіп тірелеміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста