"Қазақ тобына мәжбүрлеп ауыстыруда": Семейде Шәкәрім университетінің студенттері білім министрінен көмек сұрады

"Қазақ тобына мәжбүрлеп ауыстыруда": Семейде Шәкәрім университетінің студенттері білім министрінен көмек сұрады

Семейдегі Шәкәрім университетінен тағы да шу шықты. Бұл жолы студенттер оқу орнының басшылығы өздерін мәжбүрлі түрде орыс тобынан қазақ тобына ауыстырғалы жатқанын айтып шығамданған. Бұған келіспеген тәлімгерлер әлеуметтік желіде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтен көмек сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жаңа ректор келгелі орыс тобы таратылып, тәлімгерлердің қазақ тобына ауыстырылатыны айтылып жатыр дейді студенттер. Ал егер тәлімгерлер бұл жағдайға келіспесе, басқа оқу орнын іздеуге тура келетінін де алдын ала ескертті дейді.

 
"Ресми құжат әлі жоқ. Ештеңеге қол қойылмады. Бірақ сіздер қазақша оқисыңдар немесе басқа ЖОО-на барасыздар деді", - дейді 2 курс студенті Ботагөз Дандыбаева. 

"Бұл туралы қыркүйек айында сөз болған. Декан орынбасары топта жеті адам болса таратамыз немесе қазақ тобына қосамыз деген. Міне біраз уақыт өткен соң қайта айтып отыр қазақ бөліміне ауысасыздар немесе басқа оқуға барасыздар деп" , - деді  1 курс студенті Замира Мүрсалимова.

Он бір жыл мектепті орыс тілінде тәмәмдап, сынақ емтиханын да орыс тілінде тапсырған студенттер аяқ асты қазақ тобына бару ақылға қонымсыз дейді. Ал оқу орнының басшылығы олардың ақпаратты дұрыс түсінбей отырғандығын айтады. Себебі университетте бала саны аз топтар жетпіс пайызды құрағандықтан студенттерге көптілді топ ашу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Осы тұста олар өздерін бір топқа біріктіреді немесе таратып жібереді деп түсінген дейді. 

"Ресми университеттің басшысының атынан ешқандай бұйрық шығарылған жоқ. Бүгінгі күнге. Оған мен сіздерге анық сенімді айта аламын. Және де әлеуметтік желіде тарап жүрген өтініш үлгісі бұл жалған. Бұндай ешқандай өтініш үлгісі университетте қазір әзірленбеген де таратылған да жоқ", - дейді Шәкәрім университетінің академиялық мәселелері жөніндегі департамент директоры Индира Оралқанова. 

Қазақ тобынан орыс немесе орыс тобынан қазақ тобына мәжбүрлі түрде ауыстыру туралы ақпарат жалған деген универсиет басшылығы біз ешқашан студент құқығын бұза алмаймыз деді.  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста