Қазақ жігіті әлемді велосипедпен шарлап шықты

Қазақ жігіті әлемді велосипедпен шарлап шықты
Жер жүзін велосипедпен шарлап жүрген қазақстандық Мағжан Сағымбаев Наурыз мейрамын Қытайда қарсы алды. Ол үш құрлыққа саяхаты туралы баяндап берді.

27 жастағы Мағжан Сағымбаев велосипедпен 2014 жылы 1 мамырда 28 мың километрлік жолға шығып, Еуразия, Солтүстік және Оңтүстік Америка және Австралияға Bike The Earth деп аталатын саяхатын бастаған. Ол велосипедімен Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан арқылы Иранға өтіп, кейін Еуропаға жеткен. Еуропадан Америкаға ұшақпен жеткен Мағжан Сағымбаев қос Американы велосипедпен аралап шыққан.

Саяхатшы сапар алдында тек Солтүстік Американы аралауды жоспарлаған екен. Кейін жоспары өзгеріп, Оңтүстік Америкаға да саяхаттады. Одан кейін Австралияны аралап шыққан Мағжан Сағымбаев бұл күндері Қытайда жүр. Мағжан Сағымбаев Азаттыққа берген сұхбатында саяхатының негізгі бөлігі аяқталғанын, бірнеше айдан кейін елге оралатын айтты.

"20 елді аралап шықтым. 164 ірі қалада, 200-ден астам шағын ауылдарда болдым", - дейді саяхатшы.

Сағымбаев Қытайды екі айдай аралап, Қазақстан шекарасына өтпек. Қытайға дейін Лаос, Камбоджа, Таиланд елдерін аралап шыққан.

Саяхатшы Камбоджада жергілікті балаларға ағылшын тілін оқытып, Лаостағы бірнеше тайпаларда қонақта болған.

Эквадордағы Сumbre Rucu Pichincha шыңына шығып, Колумбияның Богота, Кали қалаларында Латын Америкасының мәдениетімен де танысқан.

"Еуропалықтар велосипедпен жиі саяхат жасайды. Таиландта англиялық, Австралияда швейцариялық велосипедшілерді кездестірдім. Арасында 65 жастағы ер адам да бар", - дейді ол.

Мағжан Сағымбаев сапарының түрлі хикаяға толы болғанын айтады. Ол саяхаты кезінде бірнеше рет велосипед сатып алған.
Бір жолы Барселонада оның велосипедін ұрлап кеткен. Иранда саяхатшыны автобус қағып кетіп, жарақат алған.

"Биылғы ақпанда Австралияда 38-39 градус ыстық болып, суға түскенмін. Құлағыма инфекция түсіп, ауырып қалдым. Дәрігерге 70 доллар беріп тексерілдім", - дейді Сағымбаев.

Саяхатшы жолда шатырда түнеп, тамақты арнайы газды ыдыста пісіріп жүре берген. Ол өзімен 30 килограмм жүк алып жүргенін айтты. Мағжан Сағымбаев елге оралған соң біраз демалатынын, кейінірек келесі саяхаты туралы ойластыра бастайтынын айтады.

Әуесқой саяхатшы осыған дейін Қазақстан тауларын да жалғыз аралап шыққан. Жолшыбай кездескен көлікке мініп бірнеше шет елге саяхат та жасап көрген

Мағжан Сағымбаевтың бұл сапарына қажет 1 миллион 730 мың теңгені (шамамен 9,5 мың доллар) демеушілер жинап берген. Әуесқой саяхатшы осыған дейін Қазақстан тауларын да жалғыз аралап шыққан. Жолшыбай кездескен көлікке мініп бірнеше шет елге саяхат та жасап көрген.

2013 жылы автостоппен 20 мың километр жол жүріп, Ресей, Солтүстік Осетия, Грузия, Армения, Украина, Молдова мен Түркияны аралап шыққан соң велосипедпен саяхат жасау идеясы туған.

news.nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста