Қазақша отбасы хрестоматиясы жарық көрді

Қазақша отбасы хрестоматиясы жарық көрді

Алматыда «Әлдиден эпосқа дейін» кітабының ресми таныстырылымы болды. Республикалық Ғылым ордасына қарасты ғылыми кітапханада өткен жиында авторлар қауымы кітаптың құрастыру барысында басшылыққа алынған талаптар мен ұстанымдар және жалпы жұмыс барысы жайлы баяндады.
Бүгінгі таңда бала тәрбиесіне қатысты ай­тылар пікір сан алуан. Әсіресе балалар­дың бойына қазақы дүниетанымды қа­лыптастыратын кітаптардың қатары сирек. «Әл­диден эпосқа дейін» отбасы хрес­то­матиясын құрастырушылар осы ол­қы­лық­тың орнын толтыруға тырысты. Отбасы хрес­томатиясында бесік жырынан бастап, тақ­пақтар, санамақ, ертегілер, жа­ңылт­паш­тар мен қиссалар, батырлық дастандар же­ке-жеке тарауға топтастырылып бе­рілген. Балалардың жас ерекшелігіне бай­ланысты қарым-қабілеті, психологиялық мүм­кіндіктері ғылыми-педагогикалық не­гізде ескерелі отырып құрастырылған. Кі­тап­пен алғаш болып танысып, алғы сөзіне пі­кір қалдырған филолог ғалым, про­фес­сор Мекемтас Мырзахметұлының ай­туын­ша, «бұл жинаққа енген бесік жырлары, тақ­пақтар, ертегілер, қиссалар – бұрын-соң­ды көп кездеспеген тың дүниелер».
«Кітапты құрастыру барысында біз оның материалдық тұрғыдан бай әрі тың дүниелерге толы болуын, мағыналық тұр­ғы­дан мәнді, педагогикалық-әдістемелік тұр­ғыдан баланың қабылдауына жеңіл бо­луын қамтамасыз етуге тырыстық», – дейді кітап құрастырушылардың бірі Мұхит Тө­легенов. Шығармаларды жинақтауда қа­зақ ғалымдары мен зиялы тұлғалардың ес­теліктерінде жазылған материалдар, Ғы­лым ордасының сирек кездесетін кітаптар мұ­ражайы қорында сақталған қол­жаз­балар, шетелдік баспалардан жарық көр­ген зерттеу еңбектері де пайдаланылды. Жи­нақ авторларының бірі Әділбек Нә­би­дің айтуынша, аталған кітапты да­йындауда коммерциялық мақсат болған жоқ. Тіпті оның кітап дүкендеріне ұсы­нылғандағы ба­ғасы өзіндік құнымен бірдей. Себебі окс­фордтық стильде басылған кітаптың мұ­қабасы және ішкі парақтары өте сапалы қа­ғаздан жасалған. «Балаларға арналған кі­тап­тың кірленуі де тез болады, сондықтан біз қымбат болса да, кір жұқпайтын қа­ғаз­ды таңдадық. Біз бұл жобадан қаржылай та­быс көрмейміз. Қазақстандық жастар зерек, алғыр, дүниетанымы кең болса екен деген тілекпен ғана еңбектендік. Ал­ғашқы тарылымы 2000 дана болып шық­ты, бірақ кітап қазірдің өзінде таусылуға жа­қын. Сондықтан көп ұзамай екінші қай­тара баспақ ойдамыз», – дейді ол.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста