Қазақстан армиясы жаңадан шақырылған жауынгермен толықты

Қазақстан армиясы жаңадан шақырылған жауынгермен толықты

 2015 жылғы күзгі шақырылым шеңберінде Қазақстан Қарулы Күштерінің әскерлері жас сарбаздармен толығуда. Бүгінгі таңда шамамен 2 000 қазақстандық бір жыл бойы әскери қызмет өткеретін ҚР ҚК-нің әскери бөлімдеріне келіп жетті деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
ҚР ҚК-не жаңадан келген оғландарды жөнелту 19 қазанда басталды. Сол сәттен бастап күн сайын 300-400-ге тарта адам жекелеген әскери командалармен еліміздің түкпір-түкпіріне аттанады. Келесі айдың басында сарбаздарды жөнелту толық аяқталады. Шамамен 7 қарашаға қарай шақырылушылар командасының соңғы ағымдағы шақырылуы жоспарлануда.
Жас толымның келуіне орай бөлімдерде мұқият дайындалуда. Теміржол бекеттерінде бозбалаларды оркестрмен және күмбірлеген әуенмен салтанатты түрде күтіп алады. Жақын арада жас толықтыруды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 11971 әскери бөлімінің жеке құрамы қарсы алды. Шақырылушылардың келуіне мұнда барлық жағдай жасалған. Жиын әкімшілігі құрылды, тәжірибелі сардарлар сарбаздарға әскери істің негізін оқытып қана қоймай, олардың жаңа жағдайға бейімделулеріне көмектеседі.
Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру 1 қазанда басталды. 2015 жылдың күзінде мерзімді әскери қызметке шақырылуға 18 бен 27 жас аралығындағы кейінге шақырылуға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, 27 жасқа толмаған және шақырылым бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген 12 мыңнан аса азамат әскерге шақырылуға жатады. Шақырылғандардың жалпы санынан 4000-ға жуығы ҚР Қарулы Күштерінің әскерлерінде қызмет ететін болады. Қалғандары ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық ұланы және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдеріне жолданады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста