Қазақстан электронды лицензиялау жөнінен озып шықты

Қазақстан электронды лицензиялау жөнінен озып шықты

Еліміздің электронды ли­цен­зия­лау жүйесі әлем бойынша биз­неске арналған ең үздік жоба деп танылды. Швейцарияның Женева қаласында жария етіл­ген WSIS Project Prizes 2013 ха­лықаралық байқауының нә­тижесі осындай.
Қазақ­стан­ның электрондық лицензиялау жүйесі – www.elicense.kz E-Business катего­риясы бойынша ең үздік жоба деп танылды. Бұл байқауға әлемнің 64 мемлекетінің 280 жобасы қатысты. www.elicense.kz – рұқсат беру құжаттарын интернет арқылы алуға мүмкіндік беретін жүйе. Бұл жобаны жүзеге асыру идеясы 2008 жылы елімізде рұқсат беру құжаттарын реттеу мен қадағалау тетігі ретінде пайда болды. Жобаны іске асыру ба­рысында рұқсат беру үдерістерін оңтай­лан­дыру бойынша ауқымды жұмыстар атқа­рыл­ды. Бұл жүйенің арқасында мемлекеттік органдар талап ететін құжаттар тізімі 1035-тен 517-ге қысқарған. Мемлекеттік орган­дар­дың 27-сі өздерінің ақпараттық жү­йе­лерін өзара ықпалдастыру нәтижесінде осы кезге дейін талап етіліп келген 600 түрлі құжатты қажет емес деп тапты. Сондай-ақ рұқсат құжаттарын беру мерзімі де қыс­қар­ды. Мамандардың мәліметінше, был­тыр­ғы тамыз айынан бастап, Қазақстанда лицензиялар түгел электронды түрде бе­рі­ле­ді. Биылғы жылдың алғашқы төрт айында элек­тронды түрде берілген лицензиялардың саны 6000-нан асты. Айта кетейік, бұл күндері Ақпараттық қоғам мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі бүкіләлемдік кездесу форумы жалғасып жатыр. Оның шеңберінде түрлі тақырыптық семинар-кеңестер де өтуде. Кеше «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев форумға қатысушылар алдында Қазақстанның е-лицензиялау жүйесі туралы толық баяндама жасады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста