«Қазақстан камератасы» – Кентауда

«Қазақстан камератасы» – Кентауда

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Әлеуметтік-экономи­ка­лық жаңғырту – Қазақстан да­муы­ның басты бағыты» атты биылғы Жолдауында еліміздегі шағын қалалардың әлеуметтік-эконо­микалық жағдайына ерек­ше на­зар аудару керек екендігін атап өткен болатын. Осыған байла­ныс­ты Мәдениет және ақпарат минис­­трлігі «Ота­ным  – бақыт меке­нім» айдары­мен шағын қалалардың тұрғын­дарының рухани сұраныстарын қамтама­сыз ету мақсатында республи­ка­лық театрлар мен концерттік ұйымдардың гастрольдік сапарларының жоспарын әзірледі.
«Отаным – бақыт мекенім» жобасы мә­де­ниет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, тұрғындарға Елбасының Қа­зақстан халқына Жолдауындағы басты ба­ғыт­тарды жеткізу, шағын қалаларда тұра­тын халықтың рухани сұраныстарын қамтамасыз ету, ұлттық және әлемдік өнер мен әдебиет туындыларын насихаттау, тұр­ғындардың мәдени демалысын ұйымдас­тыру мақса­тында ұйымдастырылып отыр.
Өткізілер іс-шараның маңыздылығы мен өзіндік ерекшелігін ескере отырып, «Отаным –  бақыт мекенім» жобасына же­тек­ші рес­публикалық мәдениет ұйымдарын тартып отыр. Олардың ішінде елімізге  танымал, әйгілі «Қазақстан камератасы» классикалық музыка ансамблі бар. Аталған ансамбль кеше Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қа­ласының Мәдениет үйінде жұрт­шылыққа өз репертуарларынан ең үздікте­рін паш етті.
Гастрольдік сапарда ансамбльмен бірге көрнекті ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сый­лы­ғының иегері Ғалым Жайлыбай да жүр. Ақын Елбасының «Әлеуметтік-эконо­ми­калық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауының басым бағыттарын, еліміздегі халықтың мүддесі үшін атқарылып жатқан игілікті істер жайлы айтып, сондай-ақ көрерменге өз шығарма­шы­лығынан шашу шашты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста